60
биологиялық әсерлері. Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен
активтенуі. Комплементтің лектинді жолмен активтенуі. Комплемент
жүйесінің нәруыздарына рецепторлар. Комплемент жүйесіндегі
бұзылыстарға байланысты дамитын аурулар. Комплемент жүйесіндегі
бұзылыстарды диагностикалау мәселелері.
Комплемент жүйесінің құрылысы мен қызметі
Комплемент жүйесі
– қан сарысуының ферменттік жүйесі. Оның
негізгі қызметі – антигендерді ыдырату.
Комплемент
жүйесіне
кіретін
нәруыздарды
комплементтің
компоненттері
деп атайды. Бұл тектес нәруыздарға 20 компонент кіреді.
Комплементтің компоненттері активтенуге дейін белсенсіз түрде болады.
Активтену басталғаннан кейін олар бір-бірімен
тізбектесе байланысады,
нәтижесінде бірқатар биологиялық қызметтерді атқаратын молекулалар
мен кешендерді өндіреді.
Неміс бактериолог-гигиенисті Р. Пффейфер мен Р. Кох институтының
ізденушісі, эпидемиолог және бактериолог В.И.
Исаевтың тәжірибелері
комплементті зерттеудің негізін қалады. Ол тырысқақ вибрионымен in vitro
тәжірибесінде, теңіз доңыздарының тырысқаққа қарсы табиғи сарысуы болмасада
да, бактериялардың лизиске ұшырайтынын дәлелдеген,
яғни бактериолиз
құбылысын ашқан еді. Сары суды 56
0
С 30 минут қыздырғанда, ультракүлгін
сәулелерімен сәулелендіргенде және ортаның рН өзгерткен жағдайда оның
лизистік белсенділігінің жойылатыны анықталған. Ал
теңіз доңыздарының жаңа
сары суын қосқанда, сарысудың тырысқақ вибриондарын жою қабілеті қалпына
келетіндігі белгілі болды. Сонымен, фагоцитоз бен бактериялардың лизисі кезінде
антиденелердің әсерін толықтыратын «бір зат» бар деп болжамданды. Оны
комплемент деп атады (to complement – толықтыру).
Кейіннен бельгия бактериологы Ж. Борде
комплементті алексин деп
атады және оны жоғары температураға төзімді фактор деп сипаттама берді.
1901 жылы Ж. Борде мен О. Жангу
комплементті байланыстыру
серпілісін
ашты. Бұл серпіліс шағын
көлемдегі зерттеу орталарында,
жоғары дәлділікпен антигендер мен антиденелерді анықтауға мүмкіншілік
береді. Бүгінгі күнге дейін аталған серпіліс кейбір зертханаларда
қолданылады.
«Комплемент» терминін иммунологияның негізін қалаушылардың
бірі, Нобель сыйлығының лауреаты П. Эрлих біржола енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: