Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Т-хелперлер үшiн фенотиптiк маркер CD4 антиген болса



Pdf көрінісі
бет95/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Т-хелперлер үшiн фенотиптiк маркер CD4 антиген болса
Т-киллер/супрессор үшiн – CD8
Аталған екi нәруыз корецептор қызметiн 
атқарады және антигендi тану үрдісіне қатысады. 
Кортикалды лимфоциттердiң ең алғашқы даму сатыларында
CD2 
нәруызы 
пайда болады және ол Т-лимфоциттер үшін жалпы маркер болып 
есептеледі, сонымен қатар,
ол
қой эритроциттерiне рецептор қызметiн 
атқарады. Аталған рецепторды анықтау үшiн қой эритроциттерiмен 
қойылатын спонтанды розетка түзу әдiсi қолданады (Е-РОК). Бұл әдiстiң 
көмегiмен Т-лимфоциттердiң жалпы санын анықтауға болады.
Басқа
жалпы Т-лимфоцитарлы маркер болып CD3 нәруызы 
табылады
ол Т-лимфоциттердiң антигентанушы рецептор мен антиген 
детерминантасының әсерлесуi кезiнде Т-лимфоциттердiң цитоплазмасына 
белгi беруде маңызды қызмет атқарады. 
Т-лимфоциттердiң дифференцировка үрдісі кезiнде жаңа CD-
антигендердiң пайда болуымен қатар кейбiр ескi антигендер жойылуы 
мүмкiн. Сондықтан, CD-антигендер кезеңерекшелiк антигендердiң мысалы 
бола алады. Яғни, CD-маркерлер бойынша Т-лимфоциттердiң жалпы саны 
мен олардың субпопуляцияларының санын және жасушалардың жетiлу 
дәрежесiн анықтауға болады. 
Антигентанушы рецептор (ТЖР - Т-жасушалық рецептор) 
Т-
лимфоциттер үшін басқа негiзгi маркер болып табылады, ол да тимустың 
қыртысты қабатында, тимоциттер дифференцировкасының алғашқы 
кезеңдерінде пайда болады. 
Бiрқатар стимулдар әсерiнен жасуша iшiндегi дифференциаланған 
өзгерiстердің болуы, дифференцировка үрдісі кезiнде Т-лимфоциттердiң 
беткей маркерлерiнiң фенотиптiк өзгеруiн көрсетедi, яғни белгiлi бір 
гендердiң қайта құрылуы мен ынталануын, жасушадағы синтетикалық 
үрдістердiң және жасушаның белгiлi бір функционалды қасиеттерге ие 
болуын көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет