Т-хелперлер үшiн фенотиптiк маркер CD4 антиген болса, Т-киллер/супрессор үшiн – CD8. Аталған екi нәруыз корецептор қызметiн
атқарады және антигендi тану үрдісіне қатысады.
Кортикалды лимфоциттердiң ең алғашқы даму сатыларында
CD2 нәруызы пайда болады және ол Т-лимфоциттер үшін жалпы маркер болып
есептеледі, сонымен қатар,
ол қой эритроциттерiне рецептор қызметiн атқарады. Аталған рецепторды анықтау үшiн қой эритроциттерiмен қойылатын спонтанды розетка түзу әдiсi қолданады (Е-РОК). Бұл әдiстiң көмегiмен Т-лимфоциттердiң жалпы санын анықтауға болады. Басқа
жалпы Т-лимфоцитарлы маркер болып CD3 нәруызы табылады, ол Т-лимфоциттердiң антигентанушы рецептор мен антиген
детерминантасының әсерлесуi кезiнде Т-лимфоциттердiң цитоплазмасына
белгi беруде маңызды қызмет атқарады.
Т-лимфоциттердiң дифференцировка үрдісі кезiнде жаңа CD-
антигендердiң пайда болуымен қатар кейбiр ескi антигендер жойылуы
мүмкiн. Сондықтан, CD-антигендер кезеңерекшелiк антигендердiң мысалы
бола алады. Яғни, CD-маркерлер бойынша Т-лимфоциттердiң жалпы саны
мен олардың субпопуляцияларының санын және жасушалардың жетiлу
дәрежесiн анықтауға болады.
Антигентанушы рецептор (ТЖР - Т-жасушалық рецептор) Т-
лимфоциттер үшін басқа негiзгi маркер болып табылады, ол да тимустың
қыртысты қабатында, тимоциттер дифференцировкасының алғашқы
кезеңдерінде пайда болады.
Бiрқатар стимулдар әсерiнен жасуша iшiндегi дифференциаланған
өзгерiстердің болуы, дифференцировка үрдісі кезiнде Т-лимфоциттердiң
беткей маркерлерiнiң фенотиптiк өзгеруiн көрсетедi, яғни белгiлi бір
гендердiң қайта құрылуы мен ынталануын, жасушадағы синтетикалық
үрдістердiң және жасушаның белгiлi бір функционалды қасиеттерге ие
болуын көрсетедi.