92
Т-лимфоциттердiң дифференцировка үрдісінде екi негiзгi кезең бар:
антигентәуелсiз және антигентәуелдi дифференцировка.
Т-лимфоциттердiң
антигентәуелсiз дифференцировкасы
тимуста
өтедi, оған iзашар Т-лимфоциттердiң (іТ) тимусқа өтуi, тимоциттердiң
пролиферациясы,
антигентанушы
рецепторлардың
түзiлуi,
Т-
лимфоциттердiң клондарының оң және терiс сұрыпталуы (МНС
антигендерi бойынша рестрикцияланған
клондардың сақталуы және
организмнiң өзiнiң антигендерiмен әсерлесуге қабiлетi бар клондардың
жойылуы), бiр-бiрiнен қызметi және беткей
CD-маркерлерi бойынша
ажыратылатын
Т-лимфоциттердiң
әртүрлi
субпопуляцияларының
қалыптасуы жатады.
Антигентәуелдi дифференцировка
үрдісі
кезінде тимустан шыққан
жетiлмеген лимфоциттер сәйкес келетін антигендер клондарымен
кездеседі және оларды антигентаныстырушы
жасушалармен бiрiге
анықтау салдарынан бiрқатар керектi стимулдарды алады. Нәтижесiнде Т-
лимфоциттер көбейедi және жетiлген эффекторлы Т-лимфоциттерге
дифференцияланады. (хелперлер, киллерлер немесе супрессорлар). Олар
сол антигенмен қайта кездескен жағдайда оны өз бетiмен анықтайды және
иммунологиялық жауапты қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: