Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет96/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Т-лимфоциттердiң 
дифференцировкасын 
шақыратын 
стимулдарға, 
ең алдымен, тимоциттердің тимустың эпителиалды 
жасушаларымен, 
макрофагтармен, 
дендриттi 
жасушалармен 
жасушааралық 
әсерлесуi және тимоциттердің адгезия молекулаларымен 
әрекеттесуі, сонымен қатар адгезия молекулаларының өздері жатады.
Бұл үрдісте
гуморалды әсерлер де 
маңызды рөл атқарады. Олар: 
тимус гормондары мен бiрқатар цитокиндер: ИЛ-3, ИЛ-1, ИЛ-7 және т.б. 
Сүйек кемiгiнен тимусқа келген iТ-лимфоциттер лимфобласт болып 
табылады, олардың бетiнде беткей молекулалардың белгiлi жинағы бар
атап айтқанда CD44. Бiрақ дифференцировка маркерлерi CD4 пен CD8 
жоқ. 
Олар 
тимустың 
қыртысты 
қабатының 
жоғарғы 
бөлiгi 
– 
субкапсулярлы аймаққа орналасады.


94 
iТ-лимфоциттер мен субкапсулярлы аймақтың стромасының әсерлесуі 
Т-жасушалардың алғашқы арнайы маркері – CD2 нәруызының 
пайда 
болуына әкеледi. Аталған маркерi бар (CD2+) тимоциттер мен 
эпителиалды «тәрбиешi» жасушалар (nurse cells) тығыз байланыста болу 
салдарынан белсендi түрде көбейе түседі және жаңа нәруыздарды 
экспрессиялай бастайды. Олар: CD3, CD4, CD8 және ТЖР-дың 

-тiзбегi. 
Олардың фенотипi келесiдей жазылады: CD2
+
CD3
+
CD4

CD8


ТЖР

. Енді 
осы жасушалар тимустың қыртысты қабатына тереңiрек кiре бастайды. 
Бұл үрдісте маңызды қызметтi тимопоэтин және ИЛ-3 пен ИЛ-7 
цитокиндері атқарады. 
Қыртысты қабатта ТЖР қадағалайтын гендердiң қайта құрылуы мен 
ынталануы нәтижесiнде ТЖР-дiң екі тізбегі де (

және 

тiзбектері) пайда 
болады. Бұған қоса CD4 пен CD8 нәруыздарының экспрессиясы 
толығымен реттеле бастайды. 
Қыртысты 
қабаттағы 
тимоциттер 
цитоплазмалық 
өсiндiлерi 
тармақталған кортикалды эпителиалды жасушалармен тiкелей байланыста 
болады. Аталған эпителиалды жасушаларда I және II класс МНС 
молекулары жақсы экспрессияланған.
Осы жасушааралық әсерлесу тимустың қыртысты қабатында 
өтетін 
негізгі 
сұрыпталу 
үрдістерін 
шақырады. 
Кортикалды 
тимоциттердiң бетiнде ТЖР-дың толық экспрессияланауы ерекшелiгi 
бойынша әртүрлi CD4+CD8+ТЖР+ Т-лимфоциттер клондарының дамуына 
әкеледi.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет