Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет92/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 
 
 
ЖАСУШАЛЫҚ ИММУНИТЕТ ЖҮЙЕСI 
 
Жасушалық иммунитет жүйесі және оның қызметтері. Т-
лимфоциттердiң 
антигентәуелсiз 
дифференцировкасы. 
Т-


91 
лимфоциттердiң тимустағы оң және терiс сұрыпталуы, олардың 
маңызы. Т-хелперлердiң антигентәуелдi дифференцировкасы. Тх1 мен 
Тх2 функционалды ерекшелiктерi. Т-киллерлердiң антигентәуелдi 
дифференцировкасы, олардың әсер ету механизмі. Т-лимфоциттермен 
антигендердің 
танылуы. 
Супрессор-жасушаларының 
иммунды 
жауаптағы орны (Тх, Тк/с, макрофагтар мен NK-жасушаларының 
рөлi). Табиғи және жасанды төзiмдiлiк, түзiлу механизмдері. 
Жасушалық 
иммунитет 
жүйесіне 
(Т-жүйесіне) 
ізашар 
Т-
лимфоциттердің негізгі дамитын орны – тимус, иммундық жүйесінің шеткі 
мүшелерінде басымырақ түрде Т-лимфоциттер орналасатын аймақтар (Т-
тәуелді 
аймақтар), 
Т-лимфоциттердің 
әртүрлі 
функционалды 
субпопуляциялары (Т-хелперлер, киллерлер, супрессорлар), сонымен қатар 
осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді.
Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының клондары 
түзіледі. Шеткі мүшелерде Т-лимфоциттер антигендермен кездеседі және 
басқа иммунды хабарлы жасушалармен кооперация кезінде иммунды 
жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады. 
Т-лимфоциттер рециркуляция үрдісіне белсене қатысады, осы 
үрдістің арқасында иммунды бақылау қызметі нәтижесінде иммундық 
жүйесінің біртұтас қызметі жүзеге асады. 
 
Иммунитеттiң Т-жүйесiнiң қызметтерi: 
1.
 
Жасушалық түрдегі иммунды жауаппен 
қамтамасыз ету Т-
жүйесiнiң
 
негiзгi қызметi: Т-лимфоциттер генетикалық бөгде жасушаларға 
(мутантты және iсiк жасушалары, вируспен зақымдалған жасушалар
бөгде трансплантат жасушасы және т.б.) цитотоксикалық әсер етедi. 
Одан басқа Т-лимфоциттер кейбір антигендерге қарсы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет