§ 48–49. табиғи ресурстардың жіктелуі негізгі ұғымдар: «табиғи ресурстар», «табиғи ресурстардың классифи-
кациясы», «сарқылатын, сарқылмайтын табиғи ресурстар», «қалпына
келетін және қалпына келмейтін табиғи ресурстар», «ресурспен қам-
тамасыз етілу».
Табиғат пен қоғам – өзара байланысы күн сайын өсетін және өзгеретін
біртұтас, толық жүйе.
Жоғарыдағы сызбаны қарастырыңдар. Адамның табиғатқа және табиғаттың адамға беретін оң және теріс әсерлерін айтыңдар. Одан қорытынды шығарыңдар. Ең алдымен, табиғат адамға – ресурс көзі болып табылады. Сонымен,
табиғи ресурстар дегеніміз не?