Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет178/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

минералдық 
(пайдалы 
қазбалар)
климаттық 
(жел, жылу, 
ылғал, жарық)
Ғарыштық 
(күн 
радиациясы)
рекриациялық 
(демалу және 
туризм ресурсы)
Су
(құрлықтағы 
су)
жер
(жер қоры)
Биологиялық
(жер 
биомассасы)
дүниежүзінің
мұхиттық 
ресурсы
дүниежүзінің табиғи ресурстары


157
пайдаға асатын табиғат ресурстары. Олардың кейбір түрлері, мысалы 
отын және кенді ресурстар, қарқынды қолданысқа ие болғандықтан, қазір 
таусылу үстінде және оларды қалпына келтіру мүмкін емес. Ғалымдар-
дың айтуынша, Қазақстанның мұнай ресурстарымен қамтамасыз етілуі 
2061 жылмен шектеледі. Сондықтан, табиғи ресурстар қоры толығымен 
таусылмай тұрғанда, ғалымдар шикізат, отын, энергияның жаңа көздерін 
іздеу үстінде.
Табиғи ресурстардың мөлшері мен оларды қолдану өлшемі арасындағы 
қатынасты 
ресурспен қамтамасыз етілу
деп атайды. Біздің елде табиғи 
ресурстардың барлық түрі кездеседі. Жер және минералды ресурстармен 
қамтамасыз етілуі бойынша біздің ел алдыңғы қатарда.
Қазақстанның жер қойнауында дүниежүзіндегі уран қорының 1/4-і, 
хромның 1/7-і, қорғасын мен мырыштың 1/10-і орналасқан. Біздің елде 
отынның, қара және түсті металдың, тау-кен химиясы шикізатының 
(фосфорит және т.б.) барлық түрлерінің үлкен қоры бар. Осы және басқа 
да пайдалы қазбалардың көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші ондыққа 
кіреді. Бірақ Қазақстанның басқа стратегиялық маңызы бар шикізат – 
ауыз сумен қамтамасыз етілуі, керісінше өте төмен. Халықтың сумен қам-
тамасыз етілуі Қазақстанның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Адамзаттың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі және оларды 
тиімді және ұтымды пайдалануы дүниежүзі бойынша негізгі мәселелердің 
бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет