Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 50–51. табиғи ресурстарды игеруге қатысты мәселелер



Pdf көрінісі
бет181/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 50–51. табиғи ресурстарды игеруге қатысты мәселелер
негізгі ұғымдар:
«табиғатты тиімді және ұтымды пайдалану», «өзін-
дік құн», «қаржылық салымдар», «утилизация (қалдықтарды жою)», 
«рекультивация (жерді қайта өңдеу)».
Ойланып көріңдер: ғалымдардың болжамдары бойынша ХХІ ғасыр
-
дың ортасында Жердегі табиғи ресурстардың қоры таусылады, бұл өз 
кезегінде ресурстық, экологиялық, азық-түліктік дағдарыстарға әкеледі. 
Бұл мәселені қалай шешсе болады? 
Адамзаттың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі және оларды 
тиімді, ұтымды пайдалануы – әлем бойынша басты мәселелердің бірі. 
Табиғи ресурстардың қоры таусылмай тұрғанда, ғалымдар шикізат, отын 
және энергияның басқа көздерін табуға ұмтылуды.
Қазіргі таңда пайдалы қазбаларды іздеу екі негізгі бағыт бойынша 
жүреді: «Терең» және «көлденең».
«Терең» бағыты шетелдік Еуропаға, 
Ресейдің еуропалық бөлігіне, Украина, АҚШ елдеріне тән. Бұл өңір-
лердегі жер қыртысының жоғарғы қабаттарындағы кен орындары мен 
алабтары көп уақыттан бері игерілуде. Осы себепті, тау-кен геологиялық 
өндіріс жағдайлары нашарлап, тереңдегі жыныстарды игеруге тура 


159
келіп отыр. «Көлденең» бағыты Ресейдің азиялық бөлігінде, Канадада, 
Аустралияда, Бразилияда басым. Бұл жерлерде минералды ресурстарды 
игеру тек соңғы уақытта ғана қолға алынды. Тау-кен геологиялық өн-
діріс жағдайлары әдетте қолайлы болып келеді, игерілетін қыртыстың 
тереңдігі аса көп емес.
Пайдалы қазбаларды өндіруді арттыру әдетте экологиялық мәселелерді 
шиеленістіріп жібереді. Ғалымдардың бағалауы бойынша, жер қойнауы-
нан алынатын шикізаттың тек 10%-ы ғана дайын өнімге айналады, ал 
қалған 90%-ы – биосфераны ластайтын және табиғи ландшафтты бұзатын 
қалдықтар.
Сондықтан минералды ресурстарды тиімді және кешенді пайдалану 
экономикалық саясаттағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. 
Табиғи ресурстарды қолданумен байланысты келесі мәселелерді атап өт-
сек болады:
1. Пайдалы қазбаларға бай аудандардағы шаруашылықты игерудегі 
қиын жағдайлар.
2. Көлік шығынына әкелетін өндіру* және өңдеу* салаларын орнала-
стырудағы үйлеспеушілік.
3. Өндіретін шикізаттың, кен орнын игерудегі тау-кен геологиялық 
және тау-кен техникалық жағдайлардың сапасының нашарлауы.
4. Пайдалы қазбалар өндірісінің және меншікті капитал жұмсалы-
мының өндіріліп жатқан шикізаттың бірлік уақытына шаққан кезіндегі 
өзіндік құнының өсуі.
5. Қайта өңдеу және іске қосу кезіндегі минералды және орманды 
ресурстарды жоғалту.
6. Табылған шикізатты кешенді түрде қолданбау.
7. Кен орындарында қолданылатын ескі өндіру әдістері және техника.
8. Табиғи ресурстарды игеру аймақтарындағы экологиялық те-
пе-теңдікті бұзу.
 
Тұратын жерлеріңе қарап, бұл мәселелерді дәлелдейтін мысал кел-
тіріңдер.
Адам өз дамуындағы барлық кезеңдерде қоршаған ортамен тығыз 
байланыста болды. Бірақ, жоғары индустриалды қоғам пайда болғаннан 
бері, адамның табиғатта деген теріс әсері күшейе түсті. Бұл қазір ғаламдық 
мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі кезде қалпына келмейтін 
шикізат түрлері өсуде, егістік жерлердің орнына қалалар мен зауыттар 
салынуда. Осыған орай, адам биосфера шаруашылығына араласуға мәжбүр. 
Қазіргі уақытта Жердің биосферасы үдемелі антропогендік ықпалдарға 
душар болуда.


160
Сөйтіп, табиғи ресурстарды игеру және қолдануға қатысты мәселелер 
екі негізгі бағыттан туындайды. Бірінші – игеру және қолдану қиындығы, 
екінші – экологиялық зардаптары.
Қазіргі таңда бұл мәселелерді шешу үшін ғалымдар қандай жолдарды 
ұсынады?
1. Мемлекеттің ресурсты сақтау саясаты – минералды шикізаттарды 
қайта өңдеу және үдемелі байыту технологияларын енгізу.
2. Тау-кен өндірісіндегі қалдықтарды жою немесе қайта өңдеу (ути-
лизациялау)*.
3. Шикізатты өндіретін аудандардағы топырақты қайта өңдеу (ре-
культивациялау)*.
4. Энергия және материал жұмсалуының* шығынын азайту.
5. Екінші ретті шикізаттарды қолдану (металл қалдығы, макулатура, 
күлдер, ЖЭС-тегі қоқыс қалдықтары және т.б.)
6. Сумен қайта жабдықтау* жүйесін жетілдіру.
7. Шикізат базаларының жанында аумақтық-өндірістік кешендерді 
салу.
8. Бұл мәселені шешудің бір жолы, ол басқа арзан шикізат көзін табу 
болып табылады.
Өз аудандарыңда,/Қазақстанда/дүниежүзінде табиғи ресурстарды 
игеруге байланысты мәселелерді басқа қандай жолмен шешу керек деп 
ойлайсыңдар? Төбеде көрсетілген шешу жолдарының қайсысын қазіргі 
уақытта орындауға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет