Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет182/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

Сұрақтар мен тапсырмалар
Білім мен түсінік
1. Ресурспен қамтамасыз етілу, утилизация, рекультивация дегеніміз не?
2. Келесі ұғымды қалай түсінесіңдер: «табиғи ресурстарды игеру «терең» және 
«көлденең» жүргізіледі»? Осындай жолмен игеру жүргізілетін аудандарға немесе 
елдерге мысал келтіріңдер.
Сараптау
1. Дүниежүзілік мұхиттың минералды ресурстар картасын талдаңдар, бұл ре-
сурстарға сипаттама беріңдер және де минералды ресурстарға аса бай Мұхиттың
терең шұңғымалары мен құрлықтық қайраңдары бар аудандарды анықтаңдар. 
Талдау нәтижесіне сүйене отырып, теңіздік тау-кен өнеркәсібінің болашағы бар 
деп ойлайсыңдар ма? 
2. Табиғи ресурстарға кедей, бірақ экономикасы мен әлеуметтік жағдайы дамыған 
мемлекеттерге мысал келтіріңдер. Қоғам өміріндегі ресурспен қамтамасыз етілу 
рөлі туралы қорытынды шығарыңдар.


161
Синтездеу 
1. Тақырыпқа байланысты постер жасаңдар.
2. Білімдеріңе сүйене отырып, келесі құбылыстардың себебін түсіндіріңдер: а) 
қазіргі кезде Жерге түсіп тұрған «күш» ауырлап бара жатыр, ал жер ресурста-
рымен қамтамасыз етілу кему үстінде; ә) суды тұтыну көлемінің өсуі ауыз судың 
жетіспеушілігін тудырып тұр.
3. Әртүрлі ақпарат көздерін қолдана отырып, мысал келтіріңдер:
а) экологиялық саясатты жүзеге асыру және табиғатты қорғау қызметінің оң 
нәтижелері;
ә) қоршаған ортаға антропогендік іс-әрекеттердің теріс әсері;
Бағалау
1. Сендердің тұратын аудандарыңдағы экологиялық мәселелерді шешу үшін жүр-
гізілетін іс-шараларға баға беріңдер.
2. «Табиғи байлықтарды игеру мәселесіне менің көзқарасым» атты тақырыпқа 
эссе жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет