§ 55. көлік инфрақұрылымы негізгі ұғымдар: «Инфрақұрылым
», «көлік және оның түрлері», «көлік
жүйесі», «көлік саласы дүниежүзілік инфрақұрылымның бір бөлігі»,
«көлік кешенінің дүниежүзілік және Қазақстан экономикасындағы
ролі», «дүниежүзінің аймақтары және Қазақстан бойынша көліктің
даму ерекшелігі және тенденциясы».
инфрақұрылым –
материалдық өндіріске және тұрғындарға қызмет
көрсететін көптеген салалардың үлкен тобы (қызмет көрсету саласы).
Құрамына коммуникациялық (көлік және байланыс) және әлеуметтік
(денсаулық, білім, сауда, халықты демалыспен қамтамасыз ететін ұй-
ымдар) жүйе енеді.