175
революция» деп атайды. «Жасыл революция», ҒТР-дың бір формасы. Тез
пісетін дәнді дақылдарды егу, ирригация көлемін ұлғайту, техниканы
және тыңайтқышты кеңінен қолданып, мол өнім алу жолдары. «Жасыл
революция» Мексикада, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда үлкен
қолдау тапты.
Ауылшаруашылығы құрылымына қарай екі үлкен салаға бөлінеді:
өсімдік және малшаруашылығы. Өсімдікшаруашылығы, дәнді дақыл,
азық-түліктік және азық-түліктік емес деп үшке бөлінеді. Азық-түлік
шаруашылығы құрылымының басты өнім түрлері: дәнді дақыл (бидай,
күріш, жүгері), майлы дақылдар (соя, күнбағыс, зәйтүн, арахис), қантты
дақылдар (қант құрағы және қызылша), сергітпе дақылдар (шай, кофе)
және бау-бақша мен жеміс-жидек өнімдері. Қазақстанның «бау-бақшасы»
деп оңтүстік аймақтарды атаймыз.
Неге олай деп ойлайсыңдар?
Малшаруашылығы саласының географиясы, малдың орналасуы және
санымен анықталады. Мал басы өркендеген елдер: Ірі қара (Үндістан,
Бразилия, АҚШ). Шошқа (Қытай), қой (Еуропа, Солтүстік Америка)
Қазақстаның барлық аймақтарында малшаруашылығымен айналыса-
ды. Алайда, малдың түріне қарай солтүстікпен оңтүстік арасында біршама
айырмашылықтар бар.
Себебін түсіндіріңдер?
Ауылшаруашылығы құрылымында балықшаруашылығының да ролі
жоғары. Дүниежүзіндегі балықтың 9/10 бөлігі теңіздер мен мұхиттардан
ауланады. Балық шаруашылығы географиясында ХХ ғасырдың екінші
жартысы үлкен өзгеріс алып келді. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін
және одан кейінгі уақыттарда негізгі ауданы Солтүстік Атлант мұхиты
болса (Норвегия, Дания, Ұлыбритания, Германия, АҚШ), қазіргі кездері
оның орталығы Солтүстік Тынық Мұхитына ауысты. Балық аулау барлық
жерде қолға алынғанымен жетекші мемлекеттерді атамай кетпеуге болмас.
Олар Жапония, Қытай, Ресей, АҚШ, Чили, Перу. Соңғы кездері балықты
жасанды жолмен көбейту кең етек жаюда (аквакультура).
Достарыңызбен бөлісу: