Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет200/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина
Excel for KZ 7 Stud B (3), шаблон Нархоз
3. Өнеркәсіп географиясы
Өнеркәсіп материалдық өндірістің жетекші 
саласы. Жұмыс істейтіндер саны 350 млн адам. 
Соңғы жүз жылдықта өнеркісіп өндірісі 50 еседен артық өсті. Қалыпта-
суына қарай өнеркәсіп салалары үш топқа бөлінеді:
1)
 ескі салалар,
өнеркәсіптік төңкеріс кезінде пайда болғандар (тас-
көмір, металлургия және тоқыма өнеркәсіптері, бу машиналарын жасау 
және басқалар). Қазіргі таңда бұл салалардың өсу қарқыны баяу;
2) 
жаңа салалар,
XX ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми-техни-
калық прогресс кезіндегі салалар (автомобилжасау, пластмасса өндірісі, 
химиялық талшық жасау және т.б.). Қазіргі кезде қарқынды даму үстінде;


176
3) 
Ең жаңа салалар,
ҒТР заманында пайда болды және ғылымды көп 
қажет ететін салалар (микроэлектроника, микробиология, робот жасау 
және т.б). Бұл салаларды – 
жоғары технологиялар саласы
деп атайды. 
Бұл қазіргі кездегі тұрақты және жылдам дамып келе жатқан салалар.
ҒТР заманындағы өнеркәсіп салаларының дамуында, ескі салалардың 
үлесі азайып, жаңа салалар әсіресе ең жас салалардың дамуы қарқындай 
түсті. Сонымен бірге, өнеркәсіптің аумақ бойынша орналасуы да өзгерді. 
Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық құрылымын, бірінші кезекте 
ірі өнеркәсіп аудандарының орналасуы анықтайды. Олардың саны жүзден 
астам. Негізгі бөлігі шетелдік Еуропада, ТМД елдерінде, Шығыс Азияда, 
Солтүстік Америкада орналасты.
Дүниежүзі шаруашылығының салалық құрылымының құрамы:
1. 
Отын-энергетика өнеркәсібі
. Өткен ғасырдың 70-жылдарындағы 
мұнай және энергетика кризисінен кейін, бұл салалардың даму қарқыны 
бәсеңдеді. Сондықтан да көптеген дамыған елдер, отын және энергияның 
үлес салмағын азайтып, энергияны үнемдеу саясатын ұстанды. 90-жылдар-
дың аяғында дүниежүзінде энергия ресурстарын өндіру 10 млрд тоннаға 
жетті. Өзінің даму тарихында отын-энергетика өндірісі екі кезеңді қам-
тыды.
Біріншісі – «көмір кезеңі» (XIX ғ. және XX ғ. бірінші жартысы.). 
Бұл кезеңде дүниежүзілік отын-энергетика құрылымында, көмірдің үлесі 
басым болды. Екінші кезең «мұнай кезеңі». Экономикалық тұрғыдан арзан 
мұнай мен газ көбірек қолданысқа енді. Отын-энергетика өнеркәсібінің 
құрамына мұнай, газ және көмір өнеркәсіптері кіреді.
Дүниежүзінде мұнайды шамамен 80 мемлекет өндіреді. Олардың 
географиялық таралуы «Үлкен Жетілік» елдерінің қолында. Мұнай 
өнеркәсібінің ерекшелігі, қордың 4/5 және өндірудің 1/2 бөлігі дамушы 
елдердің еншісінде. Негізгі экспорттаушы елдер де солар. Ірі мұнай та-
сымалдаушы аудандар Парсы шығанағында және Ресейде шоғырланды.
Дүниежүзіндегі табиғи газдың жылдық өндірісі 2 трлн м
3
астам. 
Жетекші өндірушілер Ресей, АҚШ, Нидерланд және Канада. Көмірдің 
жылдық өндірісі 5 млрд тоннаға жуық. Ол дүниежүзінің 60 мемлекетінде 
өндіріледі. Соның ішінде біздің елімізде бар. 
2. 
Электрэнергетикасы
. Дүниежүзілік өндіріс көлемі жылына 12 
трлн кВт/сағ. Ең көп өндіретін елдер – АҚШ, Ресей, Жапония, Германия 
және Канада. Электрэнергиясы өндірісі құрылымында бірінші орында 
жылу энергиясы (60%), екінші-гидравликалық (20%), үшінші орынды 
атом(17%)энергиясы алып отыр. 
Сенің тұрып жатқан жеріңде электр
-
стансасының қандай түрі электрэнергиясын өндіреді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет