Г географиялық карта –
Жер бетінің
кішірейтіліп, жазықтықта шартты
белгілермен бейнеленуі.
географиялық қабық –
Жердің біртұтас қабығы, атмосфера, литосфера, гид-
росфера
және биосфера
қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын
ортасы, яғни адамның іс-әрекетінің нәтижесінде өзгеріске ұшырайтын жердің
беткі (жоғарғы) қабығы.
географиялық ендік –
географиялық координаталарды анықтау үшін
мери-
диан доғасының экватордан есептеп, белгіленген нысанға дейінгі градуспен
берілген көрсеткіші.
географиялық бойлық – бастапқы меридианнан берілген нысанға дейінгі
параллель сызығының градуспен көрсетілген көрсеткіші.
гейзер – ыстық су мен будың белгілі бір уақыт аралығында фонтан тәрізді
атқылауы.
географиялық орын – географиялық нысанның жер бетіне өзара қатынастағы
өзге де нысандарға қарағандағы орны.