метеорологиялық элементтер –
ауа райын сипаттайтын элементтер:
температура, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын,
жел және т.б.
морена – мореналық шөгінділер – тікелей глетчер мұзынан және әртүрлі
пішінді тау жыныстарынан жиналған шөгінділер.
Н нәсіл (фр.
race, итал.
razza – туыс, тайпа) – тұқым қуалау арқылы
берілетін сыртқы (дене) пішіндері мен кейбір «жасырын» белгілері
(қанының
тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы.
нивелир – екі нүкте биіктіктерінің
айырмашылығын анықтауға арнал-
ған геодезиялық аспап.
ноосфера (гр. νόος
– сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе
Антропосфера (грек.
antһropos – адам, spera – қабық) – биосфераның
жаңа жағдайға көшкен деңгейі;
яғни ғаламдағы адамзаттың мекендейтін ортасы.