О озон қабаты – (
гр.
ozon – аңқығыш және sphaіra – шар) стратосфераның
құрамындағы биіктігі 20-25 км аралығындағы қабат.
Ө Өзен ағыны – белгілі бір межеленген уақыт аралығындағы су шығыны.
Тәулік, ай немесе жыл ішіндегі су шығыны.
Өзен –
өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су.
.
Өзен аңғары – негізінен өзендердің
эрозиялық
әрекеттерінің нәтижесінде
пайда болатын жер бедерінің созылмалы пішіні.
Өзен ағынының сипаты – жер бедерінің орналасуына және тау
жыныстарының құрамына қарай қалыптасатын өзен ағысы.
П План – шартты белгілер арқылы түсірілген, жер бетінің белгілі бір телімінің
сызбасы.
Р радиациялық баланс – жиынтық радиацияның жылытуға кеткен шығыны
мен шағылысуы арасындағы айырмашылық.
рельеф – (жер бедері) жер бетінің көлденең және тік тілімделген форма-
ларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардың жиынтығы.