жылдық амплитуда – метеорологиялық элементтердің бір ай немесе бір жыл
ішіндегі жоғары және төменгі көрсеткіші арасындағы айырмашылықтардың
көрсеткіші.
И изотерма – географиялық картада немесе диаграммада температурасы бір-
дей изосызықтар.
ионосфера – газ молекулаларының ионизациясы жоғары болатын, 80 км-
ден 800–1000 км биіктік аралығында жатқан атмосфераның қабаты.
инфрақұрылым – экономиканың
және адамдардың қызмет етуінің жалпы
жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы
салаларының
жиынтығы (мысалы өндірістік инфрақұрылым – жолдар, көлік, байланыс,
электрмен қамту желісі, қоймалар және т.б.