температура инверсиясы – биіктеген сайын ауа температурасының белгілі
бір көрсеткіштерге өзгеруі.
тілдер туыстығы – екі немесе бірнеше тілдің ұқсастығы, жақындығы сөз-
дік қоры мен грамматикалық, дыбыстық құрылымындағы төл элементтерден
көрінетін, бастапқы негізі бір ата тілден шығатын тілдерге тән жалпы қасиет.
топографиялық карта – шартты белгілермен, барлық сызықтарын белгілі
бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде
дәлме-дәл бейнелеу.
тропосфера (грек.
τροπόσ – бұрылыс, өзгеріс және
σφαιρα – шар) – атмосфера-
ның
жер бетімен тығыз әрекетте болатын ең төменгі қабаты.
топографиялық шартты белгілер – жер
беті бедерін
топографиялық
карталар мен пландарға түсіруде қолданылатын жергілікті заттардың шартты
(сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлық) белгілері.
тұман – атмосфераның
жерге таяу қабатына ұсақ су тамшыларының
немесе мұз кристалдарының жиналуы. Су буының сублимациясы нәтижесінде
қалыптасады.
тұмша (ағылш.
smog, smoke – түтін, fog – тұман) немесе смог – өнеркәсіп
орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы.