Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет89/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

3. жерасты сулары.
Қазақстанның жер қойнауы айтарлықтай жера-
сты су ресурстарына бай, жер қойнауында 5,5 мың млрд м
3
-тан кем емес 
тұщы су қоры бар, 70 артезиан алабы анықталған. Кенді Алтай, Оңтүстік 
Алтай, Тарбағатай және Қазақтың ұсақ шоқылы аудандарында су 10–15 
м-ден 50-100 м-ге дейінгі аралықтағы тереңдікте жатыр.
Қазақстанда қалыптасу жағдайы, орналасуы, минералдануына байла-
нысты 21 гидрогеологиялық аудан анықталған. Артезиан алаптарының 
терең қабаттарында жылы және ыстық 
термальды сулар
таралған. Олар 
500–700 м-ден 3000 м-ге дейінгі арақашықтықта жатыр. Артезиан сула-
рының температурасы 30-40°-тан 56-96°С-қа дейін жетеді. Басты таралу 
аудандары: Қызылқұм, солтүстік-батыс Арал маңы, Маңғыстау, Іле ойысы, 
Келес артезиан алабы және т.б.
Қазақстанның шығысындағы Қа-
тонқарағай ауданында Рахманов көлі-
нің маңында 24–43
о
С температурада 
болатын термальды сулардың шыға-
тын жері бар (радонды қайнар көздері). 
Емдік қасиеті жағынан бұл қайнар 
көздерді Ресейдегі Белокуриха және 
Грузиядағы Цхалтубо курорттарымен 
салыстырса болады. Бұл жерде қа-
зақстандықтар ғана емес, шетелдік-
тер де демалатын «Рахманов ыстық 
бұлағы» курорты бар.
Ыстық бұлақты судың өзіне тән ерекшелігі бар: құрамында радоны 
бар, температурасы әртүрлі, жасанды жылытуды және су қосуды қажет 
етпейді.
Термальды су бальнеологиялық курорттардың құрылысы үшін, қала-
ларды және елді мекендерді жылыту үшін үлкен маңызға ие. Минералды 
көздері бар аудандарда Аяқ-Калкан, Қапаларасан, Сарыағаш және т.б. 
курорттар салынған. Термальды суды жылыжай шаруашылығы үшін, 
Бұл қызық:
«Рахманов бұлағының ашылуы 
туралы ғажайып аңыз бар. Бір кездері Рах
-
манов деген аңшы жараланған маралдың ізіне 
түсе отырып, таудың төбесіндегі көлдің жанынан 
тапқан Көл бетін қалың тұман басып тұрған еді, 
жағалаудағы судың ішінде тұрған жараланған 
маралдың тек мүйізі ғана көрініп тұрды. Аңшы 
жақындай бергенде, марал жазылып кеткендей 
қаша жөнелді. Осыдан кейін, аңшыдан көлдің 
емдік қасиеті туралы білген адамдар, емделу үшін 
топ-тобымен келе бастады. Содан бері бұл жер 
«Рахманов бұлағы» деп аталып кетті».


78
малды суару, техникалық, жеміс-жидек және бақша дақылдары үшін 
қолданса болады.
Жерасты сулары қалаларды сумен қамтамасыз ету үшін, тау кен кәсіпо-
рындары, ауыл шаруашылығы үшін кеңінен қолданыла бастады, сонымен 
бірге, олар қорғауға, тиімді қолдануға және ластанудан сақтауға мұқтаж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет