Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География


§ 25. Су ресурстарының маңызы. Су ресурстары және адам



Pdf көрінісі
бет87/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

§ 25. Су ресурстарының маңызы. Су ресурстары және адам
негізгі ұғымдар: 
су және көл ресурстары, жерасты сулары, термальды 
сулар, таулы мұздықтар.
1.
Қазіргі уақытта 
су ресурстары
бағалы шикізат болып саналады. 
Адамдар суға шексіз емес, таусылатын табиғат сыйы деп қарау керек. 
Әрбір шикізат немесе отын түріне балама тапса болады, бірақ әзірше суды 
алмастыратын бірде-бір зат жоқ. 
Су – Жердегі тірі ағзалардың тіршілік етуін және олардың ары қа-
рай қызмет ету үрдісін қамтамасыз ететін, бағалы қасиеттерге ие өзгеше 
минерал.
Қазақстан аумағында ұзындығы 10 км-ден асатын 7 мыңнан астам 
өзен және уақытша пайдаланылатын ағынды сулар бар. Халық шаруашы-
лығында Қазақстан өзендерінің көпшілігі гидроэнергияның көзі ретінде 
үлкен рөл атқарады.
Алтайда өзен де, көл де өте көп. Олар: Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Қалжыр, 
Оба, Күршім және т.б. Өзендерде ірі су электр стансалары (СЭС) жұмыс 
істейді – Өскемен (1952 ж.), Бұқтырма (1960 ж.), Шүлбі (1987 ж.) және 
кіші өзендерде – Кіші Үлбі, Тихая, Үйдене. Ертіс өзені ағынын Өскемен 
және Бұқтырма су қоймаларын салу арқылы реттеп, барлық жерінде кеме 
қатынасы жолға қойылды.
Өзен және су қоймалары арқылы нан, кен, көлік, құрылыс материал-
дары және басқа да шаруашылыққа қажет заттар тасымалданады. Орташа 
есеппен, кеменің жүзу ұзақтығы жылына – 200 күн.
Қазақстан өзендері басқа да өнеркәсіп мұқтаждықтарына қолданыла-
ды: қаланы сумен қамтамасыз ету, кеме қатынасы, ағаш ағызу, балық 
аулау, жер суару, суландыру және энергетикалық базаның негізгі көзі 
саналады.
Қазақстанның мол сулы өзені қайсы?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет