§ 37. топырақтың экологиялық проблемалары және оларды қорғау
негізгі ұғымдар:
эрозия, рекультивация, топырақтың ластануы,
қалдықтар қоймасы, күл қалдықтары.
1. топырақтың экологиялық жағдайы.
Топырақ табиғи дамудың
нәтижесінде және адам қызметінің әсерінен әрқашан өзгеріп отырады.
Ғалымдар топырақ жамылғысының болашағы тікелей адамға байланысты
деп санайды.
Адам қолынан жасалған қуатты техника табиғатқа, оның ішінде то-
пыраққа үлкен ықпалын тигізеді. Адам жаңа тыңайтқыштар жасайды,
мелиорация жолдарын қарастырады, ауыл шаруашылық мәдениетін өз-
гертеді, яғни топырақ жағдайларына жаңа талаптар қояды. Әсіресе, адам
өңделіп жатқан топырақтарға аса қатты әсерін тигізеді. Ол топырақтың
жоғарғы қабатын қайта жыртады, су және жылу режимін өзгертеді, оларға
өсімдіктер отырғызады, яғни сол арқылы топырақ пен өсімдік арасындағы
зат алмасу үрдісін одан ары арттырады. Бұның барлығы адамға ауыл ша-
руашылық егістерінен жоғары өнім алу үшін қажет.
Топырақты жүйесіз пайдаланудың нәтижесінде –
эрозияға
ұшырайды.
Эрозияның болу себебі: жерді жырту, суару, тыңайтқыштарды аса көп
118
мөлшерде қолдану, мал жайылымдары, ормандағы ағаштарды кесу және
т.б. Жерді дұрыс жыртпаған кезде шым бұзылады, ал қарашірік қабатын
жайылма сулар шайып кетеді. Бұл көбінесе жыралардың пайда болуына
әкеледі. Олар өз кезегінде ауыл шаруашылығына үлкен зиянын тигізеді:
егістік жерлерінің азаюына, жерасты суларының нашарлануына әкеліп
соғады, нәтижесінде өсімдіктердің құрамы өзгереді.
Топырақ жамылғысына үлкен зиянын тигізетін жағдай – су ағындары
(су эрозиясы). Олар топырақтың құнарлы жоғарғы қабатын шайып кетеді.
Әсіресе бұл үрдіс өсімдігі сирек, тау бөктерінде қатты байқалады.
Топырақтың құнарлылығына желдің де зияны аз емес. Қазақстанның
оңтүстік аудандарында желдің топырақты ұшыру (жел эрозиясы) себебінен
эрозияның күші артады. Ол жақта құмды борандар көп болады, сондықтан
топырақтың құнарлы жоғарғы қабатын ұшырып әкетеді.
Жайылымдарды тиімсіз пайдалану да эрозияға әкеледі: жайылым
топырақтары қатты тығыздалады,
олардың су және ауа режимі нашар-
лайды, бұл шөптердің бітік өсуін
қиындатады. Кейбір жерлерде бүкіл
өсімдік жамылғысы бұзылады, және
топырақтар жел эрозиясына ұшы-
райды.
Топырақтың жағдайы орманда
да мәз емес – ағаш кесуден кейін тау
бөктерінде топырақ жамылғысының
қарқынды бұзылуы жүреді.
59-сурет
. Жағалық эрозия
Бұл қызық!
Жел эрозиясы (дефляция) меха
-
никалық құрамы жеңіл құмды топырақтарға
тән. Табиғи жағдайларда бұл аудандарда өсімдік
жамылғысы сирек, ал ерте көктем кезінде көк
пайда болмай жатып жыртылатын жерлерде то
-
пырақтың құнарлы жоғарғы қабатының үгілу үрдісі
жүреді. Бұл жерлерде құмды борандар жиі бо
-
лып тұрады. Егер мұндай топырақтар жайылымдық
жерлерге тән болса, желдің өтіне қарсы міндетті
түрде орман желектерін егу керек.
|