§ 63. Елдердің экономикалық-географиялық жағдайы негізгі ұғымдар: «экономикалық географиялық жағдайы», «саяси гео-
графиялық жағдайы».
Экономикалық географиялық жағдай (
Эгж ) – кәсіпорындар, елді
мекендер, ареалдар, аудандар, жеке елдер және олардың топтарының
экономикалық маңызы бар сыртқы нысандармен кеңістік қарым-қатынас
жиынтығы. ЭГЖ – қоршаған ортадағы табиғи элементтер, жасанды ор-
тадағы адам жасаған элементтер және халықты орналастырумен анықта-
латын экономикалық кеңістіктегі жағдай. Елдің шаруашылығының
дамуында экономикалық географиялық жағдайы үлкен әсер етеді. ЭГЖ –
дүниежүзілік экономикалық картадағы мемлекеттің орны. Ол тиімді және
тиімсіз болуы мүмкін.
*