200
ресурспен қамтамасыз етілуі
– табиғи ресурстардың көлемі және пайдала-
нуы арасындағы көрсеткіші.
С
Саға
– өзеннің
теңізге, көлге
(бөгенге), басқа өзенге құйылатын жері.
Сарқырама
– ағынды
судың өзен
арнасын көлденең кесіп өтетін тік
жартастан құлап ағуы.
Саба
–
өзен суының өте аз болатын кезеңі. Негізінен өзеннің тек жерасты,
ыза суларымен қоректенетін кезі.
Салыстырмалы биіктік
– тереңдік немесе биіктік
бағытта қатар жатқан екі
нүктенің арасындағы биіктік
айырмашылығы.
Салт-дәстүр
– әр ұлттың, халықтың
діні
мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,
ұлттық құрылым ерекшелігіне сай ғасырлар бойы жинақталған ғұрыпы.
Синоптикалық карта
(грекше synoptіkos – түгел қамтып шолу), ауа райы
картасы – ауа райын белгілі бір мерзім (кезең) ішінде бақылаудан кейінгі
нәтижелерінің картада бейнеленуі.
Достарыңызбен бөлісу: |