§4. Орын ауыстыру жəне деформация
Табиғатта кездесетін барлық материалдар да, жасанды материал-
дар да мүлде (абсолют) қатты болмайды. Олар сыртқы күштердің
əсерінен аз-маз болса да өзінің пішінін, өлшемдерін өзгертеді. Де-
мек, дененің нүктелері өз орындарын ауыстырады. Денелердің
орын ауыстыруын екі түрге бөлеміз. Біріншісі – дененің түгелімен,
17
өзінің геометриялық пішінін жəне өлшемдерін, ал, түйірлері
өзара қашықтарын өзгертпей орын ауыстыруы, екіншісі – оның
түйірлерінің өзара орын ауыстыруы. Дененің орын ауыстыруының
бірінші түрі болмайтындай етіп бекітілген денені алайық (15-сурет).
Сыртқы күштердің əсерінен к нүктесі к
/
нүктесіне орын ауыстырды
делік. Бұл кезде кк
/
қашықтығы
- оның толық орын ауыстыруы деп
аталады. Осы толық орын ауыстыруды үш бағытқа жіктеуге, яғни,
үш оське (x,y,z) проекциялауға болады. Түсінікті болу үшін кк
/
орын ауыстыруына мына тұрғыдан қарайық.
1
15-сурет 16-сурет
Қарастырылып отырған к нүктесі алдымен z осін бойлай жыл-
жып КА қашықтығына орын ауыстырды, сонан кейін х осінің бойы-
мен АВ қашықтығына, ең соңынан у осімен ВК
/
қашықтығына орын
ауыстырды деп қарауға болады. Осы орын ауыстыруларды, əдетте,
төмендегідей етіп белгілейді:
,
,
u BK
v KA w
′
ΑΒ =
=
=
(1.3)
Сонымен, толық орын ауыстыруды ( кк
/
) үш оске проекциялап,
u
,
v
жəне
w
жылжуларын алуға болады. Айта кететін бір жай –
қатты денелер механикасында, оның ішінде «Материалдар кедергісі»
пəнінде де, дененің геометриялық өлшемдеріне қарағанда əлдеқайда
аз болып келетін орын ауыстырулар қарастырылады.
Енді дененің геометриялық пішіні мен өлшемдерінің өзгеруінің
қарқынын сипаттау үшін мына денені алып қарайық (16-сурет). Осы
денедегі екі нүктенің (А жəне В) ара қашықтығын
l
деп белгілейік.
Сыртқы күштердің (сурет қиындап кетпес үшін ол күштер
көрсетілмеген) əсерінен бұл дене өзінің пішінін өзгертті делік (су-
ретте үзік сызықпен көрсетілген). Ол кезде, А нүктесі А
/
нүктесіне,
В нүктесі В
/
нүктесіне жылжып, екеуінің ара қашықтығы өзгеріп,
2–661
18
l
l
+ Δ болады.
l
Δ
-дің
l
-ге қатынасын
ɨɪɬ
H
əрпiмен белгілеп, оны
орташа ұзару деп атаймыз, яғни
ɨɪɬ
l
l
H
'
(1.4)
Осыдан кейін А нүктесі мен В нүктесін бір-біріне жақындата ба-
стаймыз. Жақындатудың математикалық шегінде алынатын шаманы
деформация дейміз.
0
lim
AB
l
l
l
H
o
'
(1.5)
Толығырақ жəне нақтылап айтқанда,
AB
ε
- дененің А нүктесіндегі
АВ бағытындағы сызықтық деформациясы. Осылайша қарастыра
отырып, координаталық осьтер x, y, z бағыттарындағы сызықтық
деформацияларды табуға болады. Олар
,
,
x
y
z
ε
ε
ε
əрiптерiмен
таңбаланады. Сызықтық деформациялардан басқа, бұрыштық де-
формациялар да болады. Олар, деформацияға дейінгі белгілі бір
бұрыштың, деформациялану кезінде қаншалықты өзгеретінін си-
паттайды жəне
,
,
xy
yz
zx
γ γ γ
символдарымен таңбаланады. Есте бо-
латын бір нəрсе, деформация мен орын ауыстыруды шатастырып
алатын кездер кездесіп тұрады. Мысалы, сырықтың толық ұзаруы
мен пружинаның отыруы, əр кезде де деформация емес, тек орын
ауыстыру болуы мүмкін екенін ұмытпау керек. Мына 17-суретте
көрсетілген сырыққа көңіл аударайық.
17-сурет
Бұл сырық Р күшінің əрекетінен СД шамасына ұзарады,
сондықтан оның қималары оңға қарай жылжиды. Бірақ, ВС бөлігі
де жылжығанмен, ол ешқандай деформация алмайды, өйткені оның
жылжуы сырықтың АВ бөлігінің ұзаруына (деформациясына)
тəуелді.
19
§ 5. Гук заңы жəне күштер əсерінің тəуелсіздігі
Тəжірибелер мен көптеген зерттеулер, белгілі бір деңгейде орын
ауыстыру мен əрекет етуші күштің арасында пропорционалдық
заңдылықтың барын көрсетеді. Бұл заңдылықты ағылшын ғалымы
Р. Гук 1660 жылы былай деп латын тілінде тұжырымдаған еді: «ut
tensio sik vis - ұзару қандай болса, күш сондай». Гуктың бұл еңбегі
тек 1676 жылы ғана жарық көрген еді.
Кез-келген А нүктесінің х бағытындағы орын ауыстыруын Гук
заңы бойынша былай жазуға болады:
A
x
C P
δ =
⋅
. (1.6)
Бұл жерде Р орын ауыстыруды туғызатын күш те, ал С
х
– күш
пен орын ауыстырудың арасындағы пропорционалдық коэффи-
циент. Бұл коэффициент (С
х
) тек қана материалдардың физикалық
қасиеттеріне бағынышты емес, ол қаралып отырған А нүктесі мен
Р күші əрекет етіп тұрған нүктенің ара қашықтығына, тіпті жүйенің
геометриялық ерекшелігіне байланысты екеніне күмəн жоқ. Міне
сондықтан, (1.6) қатынасын жүйелер үшін Гук заңы деп қарауға
болады. Сонымен қатар, жоғарыда тұжырымдалған орын ауы-
стыру мен күш арасындағы сызықтық қатынастың күш біртіндеп
өскенде де, азайған кезде де заңды екенін айтқан жөн. Мұның өзі
материалдардың серпімділік қасиетін сипаттайды.
Күш пен орын ауыстыру өзара пропорционалды болатын
жүйелерге, күштер əрекетінің тəуелсіздігі принципін (суперпози-
ция принципін) қолдануға болады. Бұл принцип бойынша, сыртқы
күштердің əрекетінен серпімді материалдарда пайда болатын ішкі
күштер мен орын ауыстырулар, сол сыртқы күштердің денеге түсу
тəртібіне, яғни қай күштің қай күштен кейін түсуіне, байланысты
емес.
Мысалы, кез келген бір жүйеге Р
1
күші түсіп тұрсын. Осы күштің
əрекетінен А нүктесінің х бағытындағы орын ауыстыруы жоғарыда
кетірілген формула (6) бойынша төмендегіше табылады:
1
1
1
A
x
C
P
δ =
⋅
(1.7)
Енді Р
1
күшін алып тастап, сол жүйенің басқа бір нүктесіне Р
2
күшін түсірейік. Бұл кезде А нүктесінің орын ауыстыруы былайша
табылады:
20
2
2
2
A
x
C
P
δ =
⋅
(1.8)
Р
1
жəне Р
2
күштері жүйенің əр нүктесіне түскендіктен С
х1
мен С
х2
өзара тең болмауы айтпай-ақ түсінікті.
Енді осы екі күш ( Р
1,
Р
2
) жүйеге бір уақытта əрекет етсін. Ол
үшін, алдымен Р
1
күшін түсіреміз де, онан кейін Р
2
күшін түсіреміз.
Ол кезде орын ауыстыру былайша табылады:
1
1
1
A
x
C
P
δ =
⋅
+
/
2
2
x
C
P
⋅
(1.9)
С
х1
коэффициентін 7-ші формуладағыдай етіп жазған себебіміз,
Р
1
күші жүйеге бірінші болып түсіп тұр. Екінші коэффициентті
/
2
x
C
деп белгілеуіміздің себебі, Р
2
күші бос жүйеге емес, Р
1
күші əрекет
етіп тұрған жүйеге түсіп тұр. Сондықтан, əзірге
LJ
ǫ2
z
/
2
ɯ
ɋ
деп
қарауымыз керек. Ал енді осы тұжырымға басқа тұрғыдан қарайық.
С
х2
коэффициенті
/
2
ɯ
ɋ
өзара тең болмаса, онда С
х2
коэффициенті Р
1
күшіне бағынышты деген сөз. Олай болса, орын ауыстыру мен күш
арасындағы сызықтық қатынас жоққа шығар еді. Сондықтан,
/
2
ɯ
ɋ
коэффициенті күшке бағынышты емес деп тағы да тұжырымдаймыз.
Бұл сұраққа енді басқа тұрғыдан қарайық. Егер Р
1
күшін жоқ деп
қарасақ, яғыни, Р
1
=0, онда (1.9) қатынасы (1.7) қатынасына айналуы
керек, яғни:
2
1
/
0
A
P
δ
δ
Α
=
=
(1.10)
Сондықтан
LJ
ǫ2
=
/
2
ɯ
ɋ
(1.11)
Олай болатын болса
x
C P
δ
Α
=
⋅
+
2
2
x
C
P
⋅
(1.12)
Сонымен, жүйедегі толық орын ауыстыру əр күштен пайда бола-
тын орын ауыстырулардың қосындысына тең болады. Осы тұжырым
ішкі күштерді, кернеулерді анықтағанда да қолданылады.
Қазіргі кезде Гук заңына жаңаша мəн беріліп, оны күш пен орын
ауыстырудың арасындағы ғана емес, кернеу мен деформацияның
арасындағы пропорционалдық қатынас деп қарастырылады, яғни
ɿ
i
i
ɋ
V
H
.
(1.13)
21
Осыған байланысты С
і
пропорционалдық коэффициентін бұдан
былай материалдардың физикалық тұрақтылығы (константы) деп
түсінеміз. Сондықтан бұл тұрақтылық (С
і
) жүйенің геометриялық
ерекшеліктеріне тəуелді емес деп тұжырымдаймыз.
§6. Беріктіктің негізгі есептерін шығару жоспары.
Конструкцияны, оның бөлшектері мен элементтерін жобалағанда,
инженердің алдына қоятын негізгі мақсаты: конструкцияның өзі де,
оның бөлшектері мен элементтері де сыртқы күштердің əрекетінен
қирамайтындай берік болуын жəне олардың геометриялық пішіні
мен өлшемдерінiң қайырылмастай өзгерiс алмауларын қамтамасыз
ету; сонымен қатар, олардың геометриялық пішіні мен өлшемдерінiң
шамаларын тағайындау, конструкцияның қандай материалдар-
дан жасалса тиiмдi болатынын анықтау. Ал, бұл мақсат орындалу
үшін инженер қандай факторды негіз етіп алу керек? Беріктік пен
қайырылмас геометриялық өзгерiстер неге байланысты, неден
бағынышты? Міне осыларды жете түсініп, жобалау кезінде оларды
саналы түрде тиімді пайдалана білу керек.
Беріктік
пен
элементтердiң
қайырылмас
геометриялық
өзгерiстерi, көбінесе, кернеу мен деформация ұғымдарына байла-
нысты екенін, мол тəжірибе мен көптеген зерттеулер көрсетіп отыр.
Сондықтан, конструкцияның бөлшектерінде пайда болатын керне-
улер мен деформаацияларды шектеп, олардың қауіпті жердегі ең
үлкен мəнi, материалдар iстен шығатын (сынатын) шамадан төмен
болуын қамтамасыз ету жеткілікті деп саналады. Бұл тұжырым
беріктік шарты деп аталады. Енді осы айтылғандарға байланысты,
берiктiк iлiмінің негізгі есептерінінің шығару жоспарын жасауға бо-
лады. Ол жоспарды қысқаша тұжырымдасақ:
1. Жобаланып отырған конструкцияға əрекет ететін сыртқы
күштердің саны мен сапасын анықтау керек. Iшкi күштердi,
кернеулердi табу керек.
2. Күштердің (сыртқы, iшкi) жəне конструкцияның ерекшеліктерін
ескере отырып, бөлшектер мен элементтердің қандай материалдан
жасалу керектігін анықтап жəне осы материалдың шектеу кернеуін
тағайындау керек.
3. Қауіпті қимадағы кернеудің ең үлкен шамасын, бөлшектердің
немесе элементтердің геометриялық өлшемдері арқылы өрнектеу
керек.
4. Беріктік шартын пайдаланып, бөлшектердің (элементтердің)
22
көлденең қимасының өлшемдерін есептеп табу керек немесе
тағайындалған өлшемдердің жеткілікті екенін анықтау керек.
Тұжырымдалған «беріктік шартын» дұрыс жəне нəтижелі қолдану
үшін, кейбір конструкцияның беріктігі, оның белгілі бір элементінің
беріктігінен жоғары болып келетінін, яғни оның жекеленген элементі
істен шығып қалғанына қарамай, өзінің негізгі функциясын атқара
беретінін есте ұстау керек. Мұндай кезде материалдардың беріктік
шартының орнына «конструкцияның беріктік шарты» деген ұғым
кіргізіледі. Бұл жерде берiктiк iлiмінің есептерін шешу жолдары
қысқаша келтіріліп отыр. Ал, бұл есептердің «қыры мен сыры» өте
көп, олар берiктiк iлiмiнiң сəйкес тарауларында қарастырылады.
23
2-тарау. ТҮЗУ СЫРЫҚТЫҢ СОЗЫЛУЫ ЖƏНЕ
СЫҒЫЛУЫ
Кіріспенің 2-ші параграфында элементтің қимасында алты ішкі
күштердің (N, Q
x
, Q
y
, M
b
, M
x
, M
y
) пайда болуы ықтимал екені толық
көрсетілген. Ал, сол ішкі күштердің əр уақытта бəрі бірдей пайда
бола бермейтіні тəжірибеден анық көрінетіні де айтылған бола-
тын. Шынында да, егер бір қимада екі-үш, тіпті одан да көп ішкі
күштер болса, басқа қимада бір-ақ ішкі күш болуы мүмкін. Осы
ішкі күштердің қаншасының элемент қимасында пайда болуына
байланысты деформацияның түрі əрқилы болып келеді. Сондықтан,
элементті есептеу жолдары да əр түрлі. Есептерді шығару ыңғайлы
болу үшін, элементтердің қимасындағы ішкі күштердің сандары-
на жəне оларды анықтау жолдарына байланысты, материалдардың
кедергісіндегі есептер бірнеше топқа бөлінеді. Солардың бірінші
тобы – осы тарауда қаралатын созылу жəне сығылу.
Сонымен, сыртқы күштердің əрекетінен элементтердің
қимасында тек қана бойлық күш (N) пайда болатын
деформацияның түрін созылу немесе сығылу деп атайды.
§1. Созылудағы жəне сығылудағы кернеулер
Белгілі бір Р күшінiң əрекетiнен созылып, теңдік күйде тұрған
сырықтың бір бөлігін алып қарайық (18-сурет). Сырық теңдік күйде
тұрғандықтан, қаралып отырған бөліктің де теңдiк күйде болатыны
айтпаса да белгілі. Сондықтан бойлық күш қимадағы ішкі күштердің
жиынтығына тең болады.
Енді осы қимадан элементар аудан
dȺ
-ны бөліп алайық. Ол
аудандағы элементар ішкі күштің ( dN) өлшемін
σ
кернеуі арқылы
өрнектеп, былай жазуға болады:
dN
dȺ
V
(2.1)
Бұл теңдiктен iшкi күштi тапсақ
Ⱥ
N
dȺ
V
³
.
(2.2)
24
18-сурет
Интеграл түрінде алынған теңдiктiң (2) шешімі сансыз көп
екеніне күмəн жоқ. Осыған байланысты, бұл интегралды алу үшін
тік кернеудің (
σ
) қима бетіндегі таралу заңы белгілі болса болғаны,
ал ондай заңдылықтың мөлшерсіз көп екені де белгілі.
Мысалы, кернеудің қима ауданындағы таралуының бірнеше түрін
ғана көрсетейік (19-сурет).
Осындай көп шешімдердің қайсысы, қаралып отырған (2.2)
интегралдың шешуі болатынын білу үшін, эксперимент арқылы
зерттеу жүргізу керек болады.
19-сурет
Бір шеті қатаң бекітілген, екіншісі бос сырықты алайық. Осы
сырықтың екі шетінен едəуір қашықтықта, оның осіне перпендику-
ляр жəне бiр-бiріне параллель бiрнеше сызықтар (аа, вв,сс) жүргізейiк
(20,а-сурет). Енді сырықтың оң жақтағы шеткі қимасының центріне
түсіп тұрған күш арқылы оны созайық. Бұл кезде, жаңағы жүргізген
сызықтардың аралары ашылып, оңға қарай жылжиды (а’а, в’в’, с’с’),
жəне олар сырықтың осіне перпендикуляр жəне өзара параллель
күйінде қалатынын эксперимент көрсетеді (20,б-сурет). Сондықтан,
25
бұл жүргізілген сызықтың, шындап келгенде, қималардың ізі
екенін еске алсақ, мынадай тұжырым жасауға болады: сырықтың
деформацияға дейінгі оське перпендикуляр жəне өзара параллель
болып келетін жазық қималары, күш əрекет еткен кезде де, өзара
перпендикуляр, өзара параллель жəне сол жазық күйінде қалады.
20-сурет
Бұл тұжырым жазық қималар гипотезасы немесе Бернулли ги-
потезасы деп аталады.
Осы гипотезаға сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген (2.2)
интегралдың бір ғана шешімi болатынын, ол шешiм бойынша
σ
=const екеніне көзіміз жетеді. Олай болса кернеу интегралдың асты-
нан шығады да, қалған интеграл қиманың ауданын бередi. Демек:
N
A
σ
=
. (2.3)
§2. Ұзару жəне сығылу үшін Гук заңы
Күштердің əсерінен сырықтың геометриялық өлшемдерінің
өзгеретіні белгілі. Егер сырықтың күш əрекет еткенге дейінгі
ұзындығы
l
болса, күштің əсерінен оның ұзындығы
l
l
+ Δ
болып
өзгереді (21,а-сурет). Бұл жердегі
l
Δ
шамасы - сырықтың толық
(абсолют) ұзаруы немесе қысқаруы. Енді S жəне S
1
қималарының
арасындағы элементар ұзындықты АВ деп белгілейік. Оның
ұзаруын
( )
dz
Δ
деп алып, олардың қатынасын ε əрпімен таңбалайық
(21,б-сурет). Сонда:
( )
dz
dz
ε
Δ
=
(2.4)
Бұл шама (ε) сырықтың салыстырмалы ұзаруы немесе бойлық
деформация деп аталады. Созылу жəне сығылу механизмі Бернулли
26
заңына бағынатын болғандықтан, бойлық деформацияны төмендегі
формуламен де табуға болады.
ε Δ
= l
l
(2.5)
21-сурет
Созылу мен сығылу деформацияларына да Гук заңын қолдануға
болады. Ал бұл заңға келесідей анықтама беруге болады.
Серпімділік шеңберінде материалдардың басым көпшілігінің
кернеулері деформацияларымен пропорционалдық қатынаста
болады, яғни
E
σ
ε
= ⋅
. (2.6)
Бұл формуладағы пропорционалдық коэффициенті Е - серпімділік
модулінің бірінші түрі деп аталады. Ол материалдардың негізгі
сипаттамаларының бірі болып табылады (физикада бұл шаманы
Юнг модулі деп атайды).
Соңғы формуладағы кернеудің орнына (2.3) өрнекті, ал бойлық
деформацияның орнына (2.4) өрнекті қойғанда
dz
N
E
Ⱥ
dz
'
бұдан
( )
dz
Δ
табайық
N dz
dz
E Ⱥ
'
.
.
Алынған теңдіктің екі жағында
l
бойынша интегралдап, толық
ұзаруды табамыз. Ол ұзару:
27
l
N dz
E Ⱥ
'
³
"
.
. (2.7)
Тəжірибеде қаралатын есептердің басым көпшілігінде əр
алаптағы бойлық күш тұрақты болып келеді. Сонымен қатар, алап-
тар бір материалдан жасалып, олардың аудандары (А) тұрақты бол-
са, соңғы формула төмендегідей болады.
N
EȺ
'
"
"
.
(2.8)
ЕА - сырықтың (созылудағы немесе сығылудағы) қатаңдығы деп
аталады.
Кейбір кезде, тек сыртқы күштің əсерінен ғана емес, температу-
ра əсерінен ұзаруды табу керек болады. Бұл кезде элементтің толық
ұзаруын, осы екі əсерден пайда болған ұзарулардың қосындысы
ретінде қарастыруға болады. Мысалы, физика пəнінен белгілі фор-
муланы алайық:
0
ɬɟɦ
t
D
'
'
"
"
(2.9)
α
- заттың температуралық ұзаруының коэффициенті;
0
t
Δ
- температураның өзгеру шамасы.
Бұл формула бойынша қарастырылып отырған элементтің тем-
пература əсерінен ұзаруын табамыз. Ал енді температура əсерінде
тұрған элементке сыртқы күш əсер етсе, онда оның ұзаруы төмендегі
формула арқылы табылады.
(2.10)
0
ɬɨɥ
N
t
EȺ
D
'
'
"
"
"
§3. Көлденең деформация. Пуассон коэффициенті
Созылғанда, не сығылғанда сырықтың тек ұзындығы ғана
өзгермейдi, онымен қоса олардың көлденең өлшемдері де өзгереді:
Мысалы, сырық созылса жіңішкереді (22,а-сурет), ал сығылса - жу-
андайды (22,б-сурет).
28
22-сурет
Өткен параграфта
/
ε
= Δl l
қатынасын бойлық деформация деп
атағанбыз.
Ендi сырықтың көлденеңiнiң өзгеруiн
1
a a
a
Δ = −
деп алып,
a
a
Δ
қатынасын көлденең деформация деп атаймыз да
ε
′
əрпiмен
белгiлеймiз. Демек:
ɚ
ɚ
H
'
c
.
(2.11)
Көлденең деформацияның бойлық деформацияға қатынасының
абсолют шамасы көлденең деформацияның коэффициентi немесе
Пуассон коэффициентi деп аталады.
ε
μ
ε
′
=
. (2.12)
Пуассон коэффициентi де (
μ
) серпiмдiлiк модулiнiң бiрiншi түрi
(Е) секiлдi, материалдардың ерекшелiктерiн көрсететiн тағы бiр
тұрақты шама
материалдың сипаттамасы болып табылады.
Көлденең деформацияның коэффициентiнiң көмегiмен, созылған
немесе сығылған заттардың көлемiнiң өзгеруiн табуға болады.
Сырықтың ұзындығы l, ал оның ауданы
2
Ⱥ k a
болсын.
Бұл жердегi
N
kөлденең қиманың геометриялық ерекшелiктерiне
бағынышты коэффициент. Мысалы, көлденең қима төртбұрыш бол-
са (өлшемдерi «а» жəне «в»), онда k=a/в; көлденең қима диаметрi
d-ға тең дөңгелек болса, онда k = p/4.
Сырықтың деформацияға дейiнгi көлемi
2
V
k a
= ⋅ ⋅l
бол-
сын. Деформация кезiнде сырықтың ұзындығы
1
= + Δ
l
l
l
, ал ау-
даны
2
1
(
)
Ⱥ
k a
ɚ
'
болып өзгерсiн. Ендi оның көлемi
29
2
1
(
)(
)
V
k l
l a
a
=
+ Δ
+ Δ
болады. Көлемiнiң салыстырмалы өзгеруiн
V
Δ
деп белгiлесек, онда
1
V V
V
V
−
Δ =
.
Соңғы формуланы түрлендiрейiк
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
(1
(1
)
(1
)(1
)
1
(
)(
)
l
a
kl
a
ka l
kla
k l
l a
a
ka l
l
a
V
ka l
ka l
kla
H
H
'
'
c
ª
º
'
'
¬
¼
'
ε
′
-тiң орнына
με
-дi қоямыз. Содан кейiн:
2
(1
)(1
)
1
V
ε
με
Δ = +
−
−
.
Жақшаны ашып,
ε
аз шама болғандықтан, оның квадраттары
мен кубiн абсолют аз шама ретiнде ескерусiз қалдырсақ:
(1 2 )
V
ε
μ
Δ =
−
(2.13)
Тəжiрибенiң көрсетуiнен сырықтар созылғанда оның көлемi
көбейiп, сығылғанда көлемiнiң азаятынын бiлемiз. Сондықтан
барлық дерлiк заттардың көлденең деформациясының коэффициентi
0,5 санынан кем болуы керек (m<0,5). Өйткенi, m=0,5 болса -
соңғы формула бойынша, деформация кезiнде материалдың көлемi
өзгермеу керек. Ондай материалдар жоқтың қасы. Тек каучук тектес
заттардың коэффициентi 0,5 санына жақындау.
Достарыңызбен бөлісу: |