Оқулық элементтердi пайдалану туралы



Дата15.09.2017
өлшемі341,13 Kb.
#33349
түріОқулық
Геометрия пәнін өз бетінше оқып-үйренуде

оқулық элементтердi пайдалану туралы

Бүгінгі күні оқытудың инновациялық технологияларының негізін ақпараттық оқыту технологиялары құрайды. Интерактивтік оқыту әдісінің және ақпараттық оқыту технологияларының тиімді әдістемелік негізі ретінде модульдік оқыту тәсілі ұсынылып жүр. Сондықтан осы модульдік оқыту тәсілінің негізгі элементті (компонентасы – оны іске асыратын құралы) болып табылатын оқулық элемент ақпараттық оқыту технологияларының басты әдістемелік құралы бола алады деп айтуға болады, олай болса ол жалпы педагогикалық программалық құралдарды дайындаудың да әдістемелік негізі болуы тиіс. Сонымен, ақпараттық оқыту технологиялары бүгінгі күні оқушының өз бетінше жеке тиімді оқып-үйренуіне және білім алуына мүмкіндік беретін негізгі құралдардың біріне айналып отырғаны белгілі. Оқулық элемент осы технологияның әдістемелік тұрғыдағы тиімділігін арттыруға және жақсартуға қосымша мүмкіндік беретін шешім болып табылады.

Оқулық элементті пән мұғалімінің өзі ұсына алады. Олай болса оны пән мұғалімі оқушы өз бетінше тиімді түрде жеке оқып-үйренуіне болатындай мазмұнда лайықтап дайындауына болады. Сондықтан, оқулық элемент мазмұны көлемін және оның күрделік деңгейін пән оқытушысы оқушының бүгінгі күнгі білім деңгейіне сәйкес әртүрлі етіп деңгейлеп ұсына алады, яғни бұл әрбір оқушының бүгінгі білім деңгейіне сәйкес оқулық элементтердің мазмұндарын және көлемдерін пән мұғалімінің өзінің таңдай отырып ұсынуына мүмкіндігі бар болады деген сөз.

Оқулық элемент – білімнің немесе біліктіліктің кішігірім нақты бөлігін оқушының жеке дара өз бетінше тиімді оқып үйренуіне және меңгеруіне (немесе мұғалімнің жетекшілігімен оқуына) ұсынылатын автономды (жеке аяқталынған) оқулық материал.

Әрбір оқытушы модуль бірнеше оқулық элементтерден құралатын болады. Оның бір ерекшелігі, мысалы, математика курсы бойынша оқулық элементті компьютерлік қолдау арқылы оқытумен қатар машинасыз вариантта да тиімді пайдалана беруге болады. Компьютерлік қолдау жағдайында оқушы оқулық элементті меңгеру барысында өз бетінше көбірек әртүрлі жаттығуларды орындап үлгереді және оқып-үйрену нәтижесін өзі компьютердің көмегімен оперативті түрде (тестік сұрақтар көмегімен) тексереді және бақылауды іске асыра алады.

Сонымен, оқулық элемент негізінен оқушының өз бетінше тиімді оқып-үйренуіне жеткілікті деңгейде мүмкіндік жасайды. Оны оқулық элементтің біз ұсынып отырған мына құрылымдық бөліктерінен көруге болады.

Мысалы, 9 сынып бойынша «Жазықтықтағы векторлар» модулінің «Вектор. Коллинеар векторлар» тақырыбына арналған оқулық элементті оқушыға мына үлгіде ұсынуға болады деп ойлаймыз.



1.№1 оқулық элемент. Тақырыбы: Вектор. Коллинеар векторлар.

2.ОЭ мақсаты: осы оқулық элементті дұрыстар оқып-үйрену нәтижесінде сіз мыналарды

а) білетін боласыз: - бағытталған кесіндіні; -скаляр шамаларды;

  • векторлық шамаларды; -нөлдік векторды; -коллинеар векторды.

б) меңгересіз және машықтанасыз:

  • векторларды салуды; -векторларды белгілеуді;

  • векторларға байланысты есептер шығаруды.

3.Осы тақырыпты тиімді түрде дұрыстап оқып-үйрену үшін қолыңызда мына оқулық және құралдардың болғаны жөн:

-Геометрия оқулығы (9 сынып, C.Шәкілікова, Ж.Нұрпейіс, Ғ.Қалдыбаева); - Сызғыш; -Қалам.



4.Осы тақырыпты саналы дұрыс түсінуіңіз және меңгеруіңіз үшін алдыңғы өткен тақырыптардан мына негізгі ұғымдарды білуіңіз керек болады:

-Нүкте; -Түзу; -Кесінді; -Бұрыш.

5.ОЭ мазмұны (денесі). Мұнда жалпы векторлар және коллинеар векторлар туралы теориялық материалдар және мысалдар келтірілген. Сондықтан, алдымен теориялық материалды дұрыстап түсініп алуға тырысыңыз.

Физикада, механикада және техникалық ғылымдар саласында әр түрлі шамалар қарастырылады. Таңдап алынған өлшем бірлігінде тек сан мәнімен ғана сипатталынатын шамалар скаляр шамалар (сандық шамалар) деп аталады. Мұндай шамаларға ұзындық, аудан, көлем, масса, температура, энергия т.б. жатады.

Сан мәнімен ғана емес, сонымен қатар бағытымен де сипатталынатын шамалар векторлық шамалар, қысқаша векторлар деп аталады. Векторлық шамаларға жылдамдық, үдеу, күш және т.б. жатады.

Қандай да бір АВ кесіндісін қарастырайық (1– сурет). Бұл кесіндіде А нүктесінен В нүктесіне қарай немесе В нүктесінен А нүктесіне қарай екі бағыт көрсетуге болады (1– сурет).



1– сурет


Егер осы екі бағыттың бірін таңдап алып, кесіндінің бір ұшын оның басы деп, ал екіншісін оның ұшы деп атасақ, онда берілген кесінді бағытталған кесінді болады. Бағытталған кесінді вектор деп аталады.

Вектордың бағыты суретте нұсқамамен белгіленеді. Бағытталған АВ кесіндісімен берілген вектор  деп немесе латынның кіші, мысалы,  әрпімен белгіленеді (1, ә-сурет). А нүктесі –  векторының басы, ал В нүктесі –  векторының ұшы.

 және  векторлары әр түрлі, себебі бұл векторлар әр түрлі бағыттарды анықтайды.



Егер вектордың басы оның ұшымен беттессе, онда мұндай вектор нөлдік вектор немесе нөл-вектор деп аталады. Нөлдік вектордың белгіленуі: ...

2– суреттегі А, В, С нүктелері басы мен ұшы беттескен  нөлдік векторлар: , , 

2– сурет


Егер нөлдік вектордан өзгеше векторлар бір түзудің немесе параллель түзулердің бойында жатса, онда мұндай векторлар коллинеар векторлар деп аталады, басқаша айтқанда, коллинеар векторлар дегеніміз – параллель векторлар.

3 – суретте , ал 4 – суретте  векторлары коллинеар (коллинеар сөзі қазақша – «түзулес» деген мағынаны білдіреді). Векторлардың коллинеарлығы былай жазылады:  (3-сурет),  (4-сурет).

Нөлдік вектордың басы мен ұшы беттесетін болғандықтан, нөлдік вектордың бағыты анықталмаған және нөлдік вектор кез келген векторға коллинеар деп келісілген.



3-сурет 4-сурет



Егер АВ және CD сәулелері бірдей бағытталған болса, онда  және  векторлары бағыттас векторлар деп аталады. Егер  және  векторлары бағыттас болса, онда АВ және CD сәулелері АС түзуімен шектелген бір жарты жазықтықта жатады. 5-сурет АВ және CD сәулелері l түзуімен шектелген жартыжазықтықта жатыр. Бағыттас векторлардың белгіленуі:  немесе  (5-сурет).

5-сурет


Егер екі вектор коллинеар, бірақ бағыттас болмаса, онда мұндай векторлар қарама-қарсы бағытталған векторлар деп аталады. 6-суретте  және  векторларының, ал 7-суретте  және ,  және  векторларының бағыттары қарама-қарсы. Қарама-қарсы бағытталған векторлардың белгіленуі:  (6-сурет), ,  (7-сурет).

6-сурет 7-сурет



6.ОЭ-ны бекіту. Теориялық білімді практика жүзінде пайдалануды қарастырамыз. Сол мақсатта бірнеше есептер шығарып машықтанамыз.

Есеп (1). ABCD төртбұрышы – параллелограмм.  мен  векторларының тең болатындығын дәлелдеңдер.

Шешуі. АВ векторына А нүктесін D нүктесіне көшіретін параллель көшіруді қолданамыз (8-сурет). Бұлайша көшіргенде А нүктесі AD түзуінің бойымен жылжиды, олай болса, В нүктесі параллель түзу ВС бойымен жылжитын болады. АВ түзуі өзіне параллель түзуге көшеді, демек, DC түзуіне көшеді. Олай болса, В нүктесі С нүктесіне көшеді. Сонымен, әлгінде қолданған параллель көшіру  векторын  векторына көшіреді, олай болса, ол векторлар өзара тең болғаны.

7.Оқушының өзін-өзі тексеруі (бақылауы). ОЭ мазмұнын дұрыстап оқып-үйреніп алғаннан кейін, өзіңізді тексеру үшін мына төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз (сұрақтарға жауап беру кезінде алдыңғы және кейінгі парақтарға да қарамайтын болыңыз, өзіңізді өзіңіз алдамаңыз).

Сұрақтар тізбесі үлгісі:

1.Бағытталған кесінді дегеніміз не?

2.Вектор дегеніміз не және вектор қалай белгіленеді?

3.Қандай вектор нөлдік вектор болады?

4.Нөлдік вектордың белгіленуі?

5.Қандай векторлар коллинеар векторлар деп аталады?

6.Қандай векторлар бірдей бағытталған деп аталады?

7.Қандай векторлар қарама-қарсы бағытталған деп аталады?

8.Коллинеар векторлар бір-біріне қарағанда қалай орналасады?

9.Коллинеар сөзінің қазақша мағынасы

10. Скаляр шамалар деп қандай шамаларды айтамыз?

11. Векторлық шамалар деп қандай шамаларды айтамыз?

12. Скаляр шамаларға мысал келтіріңіз.

13. Векторлық шамаларға мысал келтіріңіз.



8.Жауап парағы. Жауап парағы жеке беттер болып жеке тігіледі.

Құрметті оқушы! Енді 7-кезеңдегі бакылау сұрақтарының қаншасына дұрыс жауап бере алдыңыз, сол бойынша өзіңізді өзіңіз тексеріңіз, бағалаңыз.

«5» бағасына жеткеніңізше ОЭ-ны дұрыстап бірнеше рет қайталап оқып-үйренуіңізге болады. Келтірілген дәлелдеулерді саналы түсінуге, меңгеруге тырысыңыз. Өзіңізді өзіңіз алдамаңыз.

Сұрақтардың дұрыс жауаптары кілті:

1)Қандай да бір АВ кесінде А нүктесінен В нүктесіне қарай немесе В нүктесінен А нүктесіне қарай екі бағыт көрсетуге болады. Егер осы екі бағыттың бірін таңдап алып, кесіндінің бір ұшын оның басы деп, ал екіншісін оның ұшы деп атасақ, онда берілген кесінді бағытталған кесінді болады.

2)Бағытталған кесінді вектор деп аталады. Бағытталған АВ кесіндісімен берілген вектор  деп немесе латынның кіші, мысалы,  әрпімен белгіленеді.

3)Егер вектордың басы оның ұшымен беттессе, онда мұндай вектор нөлдік вектор немесе нөл-вектор деп аталады.

4)Нөлдік вектордың белгіленуі:.

5)Егер нөлдік вектордан өзгеше векторлар бір түзудің немесе параллель түзулердің бойында жатса, онда мұндай векторлар коллинеар векторлар деп аталады.

6)Егер АВ және CD сәулелері бірдей бағытталған болса, онда  және  векторлары бағыттас векторлар деп аталады.

7)Егер екі вектор коллинеар, бірақ бағыттас болмаса, онда мұндай векторлар қарама-қарсы бағытталған векторлар деп аталады.

8)Коллинеар векторлар бір-біріне параллель орналасады.

9)Коллинеар сөзі қазақша – «түзулес» деген мағынаны білдіреді.

т.с.с.

Ең соңында оқушылардың сәйкес жауаптарына комментарий келтіруге болады. Олардың мазмұны оқушыға кеңес/нұсқау беретіндей болғаны жөн. Мысалы, біздің жағдайда



оқушы 10-11 сұраққа дұрыс жауап берсе, яғни 10-11 балл алса, онда Бағасы «5» – Сіз оқулық элемент материалын өте дұрыс меңгергенсіз. Азамат екенсіз. Әрі қарай да осы қарқынмен үздік оқуды жалғастыра беруіңізге тілектеспіз.

8-9 балл – Бағасы «4». Сіз оқулық элемент материалын онша дұрыс меңгермепсіз. Сізге келешекте үздік оқушы болу үшін әрі қарай да біліміңізді жетілдіру керек болады, тырысыңыз, шамаңыз келеді.

6-7 балл – Бағасы «3». Сіз оқулық элемент материалын орташа меңгергенсіз. Тағы да дұрыстап қайталап, баса назар салып оқып шығыңыз. Жақсы оқып кетуге толық мүмкіндігіңіз бар, ерінбеңіз, жалқауланбаңыз.

5-0 балл – Бағасы «2». Сіз оқулық элемент материалын нашар меңгеріпсіз. Алдағы уақытта оқуға көбірек дұрыстап көңіл бөліп, білім алуға ынталаныңыз. Жақсы оқып кете аласыз, келешегіңізді ойлаңыз. Тек ерінбеңіз, жалқауланбаңыз. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» – дегенді ұмытпаңыз.

ОЭ әр оқушының өз бетінше жеке оқып үйренуіне арналған оқыту құралы болғандықтан, пән мұғалімі оны дұрыстап сапалы меңгеруіне жағдай жасай отырып, әрбір оқушының оқуға деген жеке жауапкершілігін, еңбекқорлығын, білім алуға деген құштарлығын, ынтасын, намысын оятып отыруға да әрекет етсе артық болмайды деп ойлаймыз.

Оқулық элементтерді пайдалану оқытуды осы заманғы талаптарға сай тиімді ұйымдастырумен қатар мұғалімге оларды әдістемелік тұрғыда да түрлендіріп отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер кейбір оқушылар біраз сабақтарын жіберіп алған болса, онда топтағы/сыныптағы жұмысты былай ұйымдастыруға болады: бір оқушылар жаңа оқулық элементті оқып-үйренеді, ал кейбір жақсы оқып жүргендері сабақ жіберіп алғандармен жұмыс істейді, үшінші біреулері білімдерін өз бетінше тереңдетумен және дамытумен айналысады, т.с.с.

Оқулық элементпен жұмыс істеу – оқыту барысын үнемі бақылап отыру түрінде жүреді, өйткені, оқушының әрбір оқулық элементті меңгеру деңгейін тестік тексеру арқылы оперативті түрде жүзеге асырып отыруға болады. Сондықтан бұл кезде де оқушының жеке оқулық іс-әрекеті үнемі мұғалімнің бақылауында болады.



Оқулық элементтерді қолдану мұғалімге оқу әрекетін тиімді және мазмұнды етуге мүмкіндік береді. Оқушының үй тапсырмаларын орындаудағы және өзіндік, сабақ үстіндегі жұмыстары жеткілікті ұйымдастырылған деңгейлерде өтетін болады. Бұл мұғалімнің оқушылардың өзіндік жеке жұмысын ұйымдастыру мәсәлесін шешуге аз уақыт жіберуіне, шығармашылық тұрғыда уақытын экономды және тиімді пайдалануына оң жағдай жасайды. Нәтижесінде оқушылар жағынан үйде де, сабақ үстінде де мазмұнды және өте қомақты пайдалы оқулық жұмыстар орындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет