Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет146/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   239
§31.
 
ТОГЫ БАР ТҮЗУ ӨТКІЗГІШТІҢ МАГНИТ ӨРІСІ. 
ТОГЫ БАР ШАРҒЫНЫҢ МАГНИТ ӨРІСІ
1.
Көптеген тәжірибелер электр өрісі мен магнит өрісі арасында 
күрделі байланыстың бар екенін айғақтайды. Оған төменде көрсетілген 
аспаптардың жәрдемімен қарапайым тәжірибелер жасап көз жеткізе ала-
мыз (сурет 6.4). Ол үшін ток көзінен, амперметрден, ток айырғыш кілттен 
және түзу өткізгіштен тұратын электр тізбегін құрайық та, өткізгішке таяп 
сынақ магнит тілшесін орналастырайық (сурет 6.4, 
а 
және 
ә
). Өткізгіште 
ток жоқ болса (сурет 6.4, 
а
),
 
магнит тілшесі әдеттегідей Жердің маг-
нит өрісінің күш сызықтарының бо йымен орналасады. Кілтті қосатын 
болсақ, амперметр өткізгіштен токтың жүріп тұрғанын көрсетеді де, ал 
магнит тілшесі белгілі бір бұрышқа бұрылады (сурет 6.4, 
ә
). Бұл құбылыс 
тогы бар өткізгіштің төңірегінде магнит тілшесіне әрекет ететін магнит 
өрісінің пайда болғанын дәлелдейді. Егер кілтті тізбектен ажыратсақ
магнит тілшесі өзінің бұрынғы орналасқан қалпына келеді (сурет 6.4, 
а
). 
ә
)
а
)
Тогы бар өткізгіштің төңірегінде магнит өрісінің ашылуы адамзат 
өркениетінің болашақ дамуы үшін зор маңызы бар оқиға болды. Бұл 
құбылысты 1820 жылы алғаш ашқан даниялық ғалым-физик Ханс Крис-
тиан Эрстед


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет