Блум таксономиясы бойынша сабақты жүргізу:
Білім деңгейі:
А) Еске түсіру
Болаттан шарды магниттеуге бола ма?
Магнитті қыздырғанда ол неліктен магнитсізденеді?
Магниттердің полюстері өзара қалай әрекеттеседі?
Жердің магнит өрісі бар екендігі немен дәлелденді?
Аспан денелерінің магнит өрісі бола ма?
Ә) Түсіну
Эрстед тәжірибесін жасау.
Электр тогы бар мыс өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілгшені қозғалысқа келтіретін күштер болатынын тәжірибе нәтижесі көрсетті.
Бірдей бағыттағы ток өтетін екі параллель өткізгіш бірін-бірі тартады, ал қарсы бағыттағы ток өтетін өткізгіштер бірін-бірі тебеді.
Электр тогы өтетін өткізгіштер арасындағы мұндай өзара әрекеттесу магниттік өзара әрекеттесу деп аталады.
Магнит өрісі деп өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтады.
Түзу сызықты токтың магнит өрісін табу және зерделеу үшін ұсқа темір ұнтақтарын пайдаланамыз.
Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар магнит өрісінің сызықтары немесе магнит өрісінің күш сызықтары деп аталады.
Түзу электр тогының магнит өрісінің бағытын екі тәсілмен анықтауға болады:
1.Бұрғы ережесімен:
Егер бұрғыны токтың бағытымен қозғалта бұраса, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді.
2.
Егер өткізгішке ток бағытымен қараса, онда магниттік күш сызықтары сағат тілімен бағыттас болады.
Тогы бар шарғының магнит өрісі күш сызықтарының бағытын бұрғы ережесі арқылы табуға болады: егер бұрғы тұтқасын ток бағытымен айналдырса, оның ұшының қозғалысы шарғының магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді.
Шарғының бір ұшы –солтүстік полюс деп саналады, сол ұшқа қарап тұрған бақылаушы үшін шарғы орамындағы ток сағат тіліне қарсы бағытта ағады. (а). Шарғының екінші жағы –оңтүстік полюс болады, бұл жерде ток орамды сағат тілі бағытымен айналып өтеді. (ә).
Ішіне темір өзекше орналастырған шарғы электромагнит деп аталады.
Электромагниттік реленің құрылысы:
1-шарғы
2-пластина
3-контактілер
4-серіппе
|