Қосымша мәлімет тарату
1-парақша: Тұрақты магниттер. Магнит тарихы екі жарым мың жылдан бері жалғасуда. Көне қытай ғалымдары б.д. дейінгі VІ ғ. өзіне темір заттарды тартатын минералды тапқан. Қытайда оны “чу-ши” демек, “сүйгіш тас” деп атаған.
“Магнит” атауын көне грек драматургі Еврипид (б.д. дейінгі V ғ.) тауып, өзінің бір шығармасында оның қасиеттерін сипаттаған. Мұндай атау бұл минерал Магнессия қаласының маңында табылғанымен байланысты. Магнит — «Магнессия тасы» дегенді білдіреді.
Қазіргі кезде табиғи магнит FeO (31%) жєне Fe2O3(61%) тұратын магниттік темір (магнетиттен) кесектері екендігі белгілі. Бұл тығыздығы шамамен 5000 кг/м3 болатын морт қара минерал.
Ерте заманда магнит қасиеттерін оның “тірі жаны” бар деп түсінді. Ерте заман адамдары ит етке қалай ұмтылса магнит те темірге солай “ұмтылады” деп ойлайды.
Қазір біз мєселе магнит тудыратын ерекше өрісте екенін білеміз. Кез-келген магнит айналасында магнит өрісі болады. Осы өрісте темірді магнитке тартады.
|