2-парақша:Магнит өрісі — материяның ерекше түрі, ол заттардан ерекше және магниттелген денелер айналасында болады.
Магнетиттің магниттік қасиеттері аса күшті емес, қазіргі кезде магнит өрісі өте күшті жасанды магниттер алынды. Магниттер жасау үшін құрамында темір, никель, кобальт және басқа металдар бар құйма қолданылады. Оларды сыртқы магнит өрісінде магниттеп, жеке тұрақты магниттер ретінде қолдануға болады.
Жасанды магниттер әр түрлі формада жасалды. Магниттің магнит әсері күшті, демек магнит өрісі күшті бөліктерін магниттік полюстер деп атайды. Әр магниттің екі полюсі болады. Бірақ материалды полюстерінің саны 2-ғана емес, 4, 6 жєне одан көбі болатындай магниттеуге болады. Егер магнитті темір ұнтағына жақындатса, олар оның полюстеріне тартылды