Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет105/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   239
Қозғалмайтын зарядтардың төңірегінде пайда
болатын материяның айрықша түрін 
электрста-
тикалық өріс
 (қысқаша 
электр
 
өрісі)
 деп атайды.
3.
Материяның заттық түріне мүлдем ұқсамайтын 
оның айрықша басқа түрін 
электр
өрісі 
деп алғаш 
атаған ағылшынның ұлы ғалымдары Майкл Фарадей 
және оның көзқарасын теорияда дамытушы Джеймс 
Клерк Макс велл болатын. Сонымен, материяның 
айрықша түрі болатын электр өрісін 
көрнекі түрде 
қалай бейнелеуге болады
және 
қандай физикалық 
шамалармен сипатталады? 
деген сұрақтарға жауап 
берейік.
Фарадей электр өрісін көрнекі түрде бейнелеп 
көрсету үшін 
күш сызықтары 
деген ұғым енгізді. 
Күш сызықтары
деп қандай да бір өрісті көрнекі түрде 
бейнелеу үшін ойша сызылған сызықтар жүйесін ай-
тады. Күш сызықтарын салғанда белгілі бір шарт-
тарды орындау қажет. Мысалы, электр өрісін күш 
сызықтарымен бейнелегенде олардың тәжірибеде алын- 
М. Фарадей
(1791–1867) 
Дж. Максвелл 
(1831–1879)
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


100
ған көрінісіне (сурет 4.6) мейлінше жақын сызықтар түрінде салынуы
көзделеді. Яғни күш сызықтарының жиілігі зарядтарға жақында-
ған сайын, өрістің күшейгенін білдіріп, арта түсуі керек. Оған қоса
күш сызықтарының бағыттары да көрсетілді. Қағаз үгінділерінің әрат-
тас зарядтарда тұйықталатынын ескеріп, электрстатикалық өрістің күш 
сызықтары оң зарядтан шығады, теріс зарядқа еніп тұйықталады деп 
келісілді. 
Осы талаптарға орай жеке нүктелік зарядтың электр өрісін бейне- 
лей тін күш сызықтары (сурет 4.7 
а
және 
ә
) зарядтан алыстаған са йын
жиілігі азаятын радиал сызықтар түрінде салынды. Әраттас қос 
зарядтардың электр өрісі де (сурет 4.7, 
б
) тәжірибедегі көрініске ұқсас 
(сурет 4.6, 
ә
) күш сызықтары арқылы бейнеленді. Сол сияқты әраттас 
зарядталған параллель екі өткізгіштің арасындағы электр өрісінің күш 
сызықтары (сурет 4.8, 
а
) да тәжірибеде алынған көрініске (сурет 4.6, 
б
)
сәйкес орналас тырылды. Сонымен қатар барлық жағдайларда да оң 
зарядтан шығып, теріс зарядпен тұйықталатын электр өрісінің күш 
сызықтарының бағыттары да көрсетілді. 
Сурет 4.7.
 
Нүктелік зарядтардың электр өрісінің күш сызықтары
а
)
ә
)
б
)
4.
Енді электр өрісін сипаттайтын физикалық шамаларды анықтайық. 
Ол үшін кез келген 
q
нүктелік зарядтың туғызған электр өрісінің 
қасиеттерін, сынақ зарядтарын пайдаланып зерттеп көрейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет