Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет143/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   239
Электролиз кезінде электродта бөлінетін заттың массасы элек-
тролиттен өтетін зарядтың мөлшеріне тура 
(
немесе ток күшіне
)
 
пропорционал:
m = kq = kIt,
мұндағы:
 
m
 – 
бөлінген заттың массасы
q = It
 – 
электролит арқылы 
t
 
уақытта өткен зарядтың мөлшері;
 
I –
 
электролиттен өткен ток күші;
k –
 
электрхимиялық эквивалент
деп аталатын пропорционалдық коэф-
фициент.
7. 
Электролиттерден
 
ток өткен кезде электродтарда заттардың бөліну 
құбылысы өнеркәсіпте кең қолданыс тапты. Электролиз құбылысының 
ашылуы өнеркәсіпте бұрын болмаған 
электрметаллургия, гальваносте-
гия
және 
гальванопластика
сияқты жаңа салаларды туғызды.
Электрметаллургияда 
бірталай түсті металдарды электролиз тәсі- 
лімен өндіреді. Мысалы, 2007 жылы Павлодарда ашылған «Қазақстан-
дық электролиз зауыты» (сурет 5.31) тазалығы 99,85% болатын алю-
миний құймаларын осы тәсілмен балқытылған боксит кенінен тұрақты 
электр тогын өткізу арқылы шығарады. 
2011 жылы Өскеменде ашылған мыс зауытында қара мыс екі кезең- 
нен тұратын электролиздік өңдеулерден өтеді. Бірінші кезеңде анодталған 
өңдеуден өтіп, рафинадталған мыс алынады. Екінші кезеңде рафинадтал-
ған мыс электролизде тағы да мұқият өңделіп, тазалығы аса жоғары 
Сурет 5.30.
 
Электролит
Сурет. 5.31. Павлодар электролиз зауыты
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


149
(99,97 және 99,99%) мыс өндіріледі. Өскеменнің металлургиялық ком-
бинаттарында электролиз тәсілімен басқа да бағалы металдар (мысалы, 
тазалығы 99,99% алтын) алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет