Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет52/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

-п 
ал, -п бер, -п сал, -а ал, -а бер, -а сал, 
т.б; 2) еді, екен екіншілік көмекші 
етістіктері тілдегі белгілі бір райда тұрған етістіктермен тіркесіп, ол 


95
райдың қосымшасы мен көмекші етістік бірте-бірте бір мағынаға 
көшіп, одан аналитикалық форманттар қалыптасқан. Мысалы: 
-са 
еді, -са екен, -са игі еді, -мақ еді,
 т.б.; 3) қазақ тіліндегі күрделенген 
аналитикалық форманттардың əрқайсысы екі аналитикалық фор-
манттан тұрады. Мысалы:
 -п қой, -а бер, -п бар, -а жатыр, 
т.б. 
Аналитикалық форманттардың бұл ерекшеліктерінен олардың 
қалыптасуын етістіктердің грамматикалық қызметке көшуімен бай-
ланысты деп түсіндіруге болады.  
Аналитикалық форманттар тілде грамматикалық формалармен 
қатар қызмет атқарады. Олардың əрқайсысы бір-бірінен құрамы 
мен мағынасы жағынан ерекшеленеді. Мысалы, 
-са екен (барса 
екен)
 – тілек мағынасын, 
-а сал (айта сал)
 – қимылдың немқұрайды 
жасалуын білдіреді. Аналитикалық форманттардың етістіктің 
əртүрлі грамматикалық категорияларының көрсеткіштері ретінде 
танылуының бірден бір себебін осы жағдаймен, яғни олардың 
етістіктің белгілі бір грамматикалық категорияларының мағынасын 
білдіруімен байланыстыруға болады. Ғалым К. Аханов аналитикалық 
форманттарды етістіктің грамматикалық категорияларына қатысына 
қарай мынадай топтарға бөледі: 1) шақ категориясының, оның 
ішінде нақ осы шақтың
 (-п,-а,-е отыр, тұр, жатыр, жүр
), жедел 
өткен шақтың 
(-ып, -ған,-мақ еді)
 аналитикалық форманттары; 
2) рай категориясының, оның ішінде бұйрық райдың 
(-а көрме), -шы/
ші болма)
, қалау райдың 
(-ғай/гей еді, -са/се еді, -са/се игі еді, -са/се 
екен),
 шартты райдың 
(-р/ар/ер болса, -са/се болды, -ған/ген болса) 
аналитикалық форманттары.
Ал ғалым Н. Оралбай етістіктің грамматикалық категориялары-
на байланысты аналитикалық форманттардың мынадай түрлерін 
анықтайды: 1) қимылдың өту сипаты категориясының аналитикалық 
форманттары (
-п ал, -а қой, -ып қал, -а жазда, -ған бол, -е қой, -п жібер, 
-е бер, -е түс, -а тұр
 т.б.); 2) рай категориясының аналитикалық 
форманттары (
-ушы болма, -а көр, -ғай еді, -са игі еді, -са еді, -са 
екен
); 3) шақ категориясының аналитикалық форманттары (
-п еді, -п 
тұр, -ған еді, -п жүр еді, -мақ еді, -п жатыр еді
 т.б.). Сонымен қатар 
етістіктің болымдылық-болымсыздық категориялары да арнаулы 
аналитикалық форманттар арқылы жасалып, синтетикалық форма-
сына қарама-қарсы қолданылады. Мысалы: 
бармады-барған жоқ, 
баратын емес, барар емес (-ған/ген емес/жоқ, -атын/етін емес, -ар/
ер емес). 
Аналитикалық форманттар құрамының əркелкі сипатымен де 


96
ерекшеленеді. Осы ерекшелігіне қарай Н. Оралбай оларды екі мор-
фемалы, үш морфемалы жəне төрт морфемалы аналитикалық фор-
манттар деп бөледі. Екі морфемалы АФ бір көмекші морфема мен 
көмекші етістіктен тұрады (
-а қой, -е түс,
 т.б.). Үш морфемалы 
АФ күрделенген аналитикалық формантқа жатады. Мысалы:  
-ушы 
бол-ма, -р бол-са, -а сал-а, -а сал-ып,
 т.б. Төрт морфемалы АФ екі 
аналитикалық форманттың кірігуінен жасалады. Мысалы:
 -п бар-а 
жатыр, -п кел-е жатыр, -п қой-а бер, -п ке-п қал, -п сал-а бер, -п 
жүр-е бер, -п ке-п жібер, 
т.б. (
өніп келе жатыр, өршіп бара жатыр, 
лақтырып кеп жіберді, жылап сала берді,
 т.б.). Бұл қатарда екі мор-
фемалы АФ негізгі топ болып саналады.  
Ғалым А. Ысқақов аналитикалық форманттарды құрамында 
бір не бірнеше көмекші етістіктердің болуына байланысты жалаң 
жəне күрделі деп бөледі. Бір көмекші етістікті формаларды жалаң 
аналитикалық форманттарға (
-п ал, -п бер, -п қой, -п еді 
т.б.), екі 
не одан артық көмекші етістікті форманы күрделі аналитикалық 
формантқа (
-п қоя берді, -п кеп жібер, -п кеп қалды, 
т.б.) жатқызады. 
«Қазақ грамматикасында» аналитикалық форманттар құрамына 
қарай жалаң жəне күрделенген АФ болып бөлініп, жалаң АФ-ға бір 
морфемалы, екі морфемалы аналитикалық форманттармен қатар 
үш морфемалы АФ-ны да жатқызады. Ал төрт морфемалы АФ-ны 
күрделенген АФ деп таниды. Мұнда нөлдік морфема мен көмекші 
етістіктің тіркесуінен жасалған форманттарды бір морфемалы АФ 
деп қарастырып, оған 
өрбіген жоқ 
деген етістіктің құрамындағы 
-ген 
қосымшасы өз мағынасында қолданылып, болымсыздық мағынаның 
нөлдік морфема-жоқ 
көмекшілері арқылы үстеліп тұрғандығын негіз 
етеді.  Бірақ тілдегі аналитикалық форманттардың негізінен екі мор-
фемалы аналитикалық форманттардан тұратынын атап көрсетеді. 
Сонымен, аналитикалық форма сөз формасының белгілі бір түрі 
болса, аналитикалық формант сол форманың жасалуына негіз бола-
тын күрделі морфологиялық құрылым болып саналады. Етістіктің 
аналитикалық формалары құрылымы мен мағынасы, қолданысы 
жағынан өз алдына дербес морфологиялық категория ретінде таны-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет