тентек бала, биік ағаш, қызыл шүберек,
т.б. Нəрсе сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін көрсететін шырай
талғаулы шырай деп аталады. Ғалым талғаулы шырайдың екі түрлі
жасалу жолын көрсетеді: 1) -рақ/ -рек талғау қосымшалары арқылы:
жақсырақ, жаманырақ, кішірек
т.б.; 2) күшейткенде сөз қосылып
айтылуы арқылы:
қыстан күз жылы, ағаштан темір берік, айран-
нан қымыз жақсы,
т.б. Нəрсенің сиқы өте артық екенін көрсететін
шырайды таңдаулы шырай деп атап, оның екі түрлі жасалу жолын
көрсетеді: 1) жай шырайдағы сөздің алдына
ең, нақ, тап, тым, бек,
хас
сөздерінің қосылып айтылуы арқылы:
ең жақсы, тым қорқақ,
55
бек нəзік,
т.б.; 2) жай шырайдағы сөздің бас дыбыстары бөлек алы-
нып, оған «п» дыбысы жалғанып, сөз бөлектенген дыбыстардың сөз
алдына қойылып айтылуы арқылы:
ап-анық, қып-қысқа, шоп-шолақ,
т.б. Шырайды түрлеріне қарай А. Ысқақов жай шырай, салыстыр-
малы шырай, күшейтпелі шырай жəне асырмалы шырай деп төртке
бөлсе, Н. Оралбай сындық белгіні негізгі, төменгі жəне жоғарғы
дəрежесіне қарай анықтап, соның негізінде шырайдың жай шырай,
салыстырмалы шырай жəне күшейтпелі шырай түрлерін көрсетеді.
Сапалық сын есімнің шырайлары жекелеген зерттеулерде де сан
жағынан түрліше топтастырылып, түрліше аталады. Жоғарыдағы
пікірлерді негізге ала отырып, қазақ тілінде сапалық сын есімнің
салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай жəне асырмалы шырай
тəрізді үш түрін бөліп көрсетуге болады.
Бір заттың сынын, сапасын екінші заттың бір тектес белгісімен
салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен сəл кем
я артық екенін білдіретін сапалық сын есімнің шырайы салыстыр-
малы шырай деп аталады. Салыстырмалы шырай екі түрлі жолмен
жасалады: 1)
-рақ/ -рек, -ырақ/ -ірек, -лау, -леу,-дау, -деу, -тау, -теу,
-ғыл/-гіл, -ғылт/-қылт, -ғылтым/-қылтым, -шыл/-шіл, -шылтым/
-шілтім, -ғыш, -ілдір
жұрнақтарының сын есім түбірге жалғануы
арқылы. Мысалы,
жасылырақ, үлкенірек, жақсырақ, кішірек,
үлкендеу, кішілеу, қысқалау, сұрғылт, ақшылтым
т.б.; 2) салысты-
рылатын зат не құбылыс шығыс септігінде тұрып, одан кейін сын
есімнің айтылуы арқылы. Мысалы,
менен үлкенірек, ана есептен
қиынырақ, ағасынан кішірек,
т.б.
Заттың бастапқы сапасын, сындық белгісін күшейтіп көрсететін
шырай күшейтпелі шырай деп аталады. Күшейтпелі шырай сапалық
сын есімдерге күшейткіш буындарды еселеу арқылы жасалады:
сап-
сары, тап-таза, жап-жасыл,
т.б.
Белгілі бір заттың, құбылыстың бастапқы негізгі сындық, сапалық
белгісін тым асыра немесе тым төмендетіп көрсететін шырай түрі
асырмалы шырай деп аталады. Асырмалы шырай, негізінен, сөз ал-
дынан күшейткіш көмекшілердің қосылуы арқылы аналитикалық
жолмен жасалады:
тым биік, ең əдемі, өте жақсы, аса салмақты,
т.б. Ғалым Н. Оралбай мұндай сын есімдерді күшейтпелі шырай
тұлғасындағы аналитикалық сөзтұлғаға жатқызады.
Н. К. Дмитриев түркі тілдерінде сын есімдер шырайының
абстрактілі жəне конкретті деп аталатын түрлерін бөліп көрсетеді.
Абстрактілі салыстыру тəсілдеріне, негізінен, сапаны күшейту
56
жəне бəсеңдету жолдарын жатқызады. Мысалы,
көк – көкшіл, сары
– сарғыш,
т.б. Сонымен қатар түркі тілдерінде сапаны күшейтудің
аналитикалық жəне синтетикалық жолдарының бар екендігін атап
көрсетеді. Мысалы,
кіші – ең кіші, үлкен – ең үлкен, жақсы – ең жақсы,
т.б. Ал сапаны күшейтудің синтетикалық жолы сын есімдердің
қайталануы арқылы қалыптасқан. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |