61
грамматикалық форманы контекстегі немесе түбір сөздің семанти-
касына байланысты туатын əртүрлі мағыналарына бағындырып, əр
жеке грамматикалық құбылыс деп қараушылық түркі тілі грамма-
тикаларында жиі кездесетіндігіне назар аудартады.
Соның негізінде
көлемдік-мекендік септіктер мен көптік форманың контекске жəне
түбір сөздің семантикасына сəйкес əртүрлі мағыналық қырлары
болатындығын дəлелдеп, сан есімнің шығыс септік формасы (
бес-
тен, бес-бестен
) мен көптік формасын (
ондар, жүздер
) мағынаға
бағындырып, грамматикаларда бірін топтау сан есімі, екіншісін
болжалдық сан есім деп атап, сан есімнің лексика-семантикалық
топтарына жатқызу ғылыми тұрғыдан негізсіз екендігін анықтайды.
Ғалымның сан есімнің мағыналық топтарының құрамындағы
мұндай қосымшаларды «сөз тудырушы емес, сөздің грамматикалық
формасын жасаушы бірліктер санатына жатқызуы» сан есімдер
құрамындағы грамматикалық формалардың
мағыналық қырларын
кеңінен қарастырудың қажеттілігін көрсетеді.
Морфологиялық құрамы жағынан сан есімдер дара жəне күрделі
болып бөлінеді. Дара сан есімдерге негізгі жəне туынды сан есімдер
жатады. Сан есімдердің басты ерекшелігі оның басқа сөз таптарынан
жасалмауы болғандықтан, туынды сан есімдер негізгі сан есімдерге
-ыншы/ -інші, -ншы/ -нші, -ау/ -еу, -даған/ -деген, -ер
жұрнақтары мен
ілік жəне шығыс септігі жалғауларының жалғануы арқылы жаса-
ла ды. Ал күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі жəне
қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы,
он бес, он-он бір, бес-алтау,
он тоғыз, қырық екі,
т.б. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сан-
дар бір-бірімен өзара қосылмалы жəне көбейтілмелі жолмен байла-
нысады. Мысалы:
он тоғыз, он бес, жиырма бір
–
қосылмалы жол,
үш жүз, бір мың
– көбейтілмелі жол. Ғалым А. Ысқақов күрделі сан
есімдердің жасалуындағы мұндай жолдарды оның негізгі тəсілдері
ретінде түсіндіреді. Сондай-ақ аталған тəсілдердің мынадай
ерекшеліктерін атап көрсетеді: 1) күрделі қосылмалы сандар тек он
бір мен тоқсан тоғыз, жүз бір мен тоғыз жүз тоқсан тоғыз, одан əрі
осылай жалғаса береді; 2) күрделі қосылмалы сандар үнемі
жоғары
дəрежелі саннан басталып, төменгі дəрежелі санмен аяқталады. Мы-
салы:
жүз бір, тоқсан үш,
т.б. Күрделі көбейтілмелі сан есімдер,
керісінше, үнемі төмен дəрежелі сандармен басталып, жоғары
дəрежелі сандармен аяқталады. Мысалы:
бес жүз, он мың, тоғыз
жүз,
т.б. Күрделі сан есімдер тек бірыңғай көбейтілмелі немесе
қосылмалы тəсілмен
ғана жасалмайды, екі тəсілдің араласуы арқылы
62
жасалатын сан есімдер де кездеседі. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: