182
алынған болады. Бірақта
олардың ми қантамырларының
зақымдануларына қатысты арнайы қорғаныш қасиеттерін туралы
қосымша дәлелдер керек.
• Қазіргі таңда жедел инсульт кезінде АҚ түсіру жайлы,
жағымды әсерлер алынған жоқ, бірақта зерттеулер жүргізіліп
жатыр. Қосымша мәліметтерді алу үшін, емді клиникалық
жағдайды тұрақтандырғаннан кейін, яғни инсульттан бірнеше күн
өткен соң гипотензивті емді бастау керек.
Бұл салада қосымша
зерттеулер қажет, себебі 65 жаста және одан жоғары науқастардың
15% когнитивті бұзылыстар және 5% — деменция кездеседі.
• Бақылау зерттеулері көрсеткендей, когнитивті қызметтер мен
деменция жиілігі АҚ көрсеткіштерімен оң байланыста екенін
көрсетті. Осы бұзылыстарды гипотензивті ем бірнеше тоқтатуы
мүмкін жайлы мәліметтер бар.
Жүректің ишемиялық ауруы мен жүрек жеткіліксіздігімен
ауыратын науқастар
• Миокард инфарктын басынан өткізген науқастарда бета-
блокаторлар, ААФ ингибиторларын немесе ангиотензин
рецепторларының блокаторларын ерте кезден бастап қабылдау
қайталамалы миокард инфарктының жиілігін төмендетеді. Осы
жағымды әсерлер препараттардың арнайы қорғаныш қасиеттерімен
түсіндіріледі.
• АГ мен жүректің созылмалы ишемиялық ауруы бар
науқастарда да гипотензивті ем жағымды әсер етеді. Жағымды әсер
әр түрлі препараттарды және олардың біріктірілуінде болуы мүмкін
(кальций антогонистерін қосып),
айқындылық дәрежесі АҚ
төмендеген деңгейімен анықталады. Жағымды әсер АҚ < 140/90 мм
с.б. және АҚ 130/80 мм с.б. немесе болғанда көрінеді.
• Артериалдық гипертензия бұрында жиі кездескен, сол
кезде жүрек жеткіліксіздігінің іркілісі бар науқастарда АҚ
жоғарылауы сирек кездескен. Бұл науқастарда тиазидті және
ілмекті
диуретиктерді
және
бета-блокаторлар,
ААФ
ингибиторларын, ангиотензин рецепторының блокаторын және
альдостерон антагонистін диуретиктермен бірге қабылдауға
болады. Кальций антагонистерін тағайындамау керек, оны тек АҚ
мен стенокардия көрінісін бақылау
керек болған кезде ғана
қолданады.
183
•
Диастолалық
жүрек
жеткіліксіздігімен
сыртартпада
артериалдық
гипертензиясының
науқастарда
бірге
болуы,
жағымсыз болжамға ие. Бұл науқастарға қазіргі таңда жақсы
көмектесетін антигипертензивті препараттар жоқ.
Жүрекше фибрилляциясы бар науқастар (жыбыр аритмиясы)
• Артериалдық гипертензия — жүрекше
фибрилляциясының маңызды қауіп себебі болады. Жүрекше
фибрилляциясы
жүрек-қантамыр
ауруларының,
әсіресе
тромбоэмболиялық инсульттің және өлімнің қаупін жоғарлатады.
• Сол жақ қарынша салмағының жоғарлауы мен сол жақ
жүрекше
үлкеюі
жүрекше
фибрилляциясының
тәуелсіз
детерминанты болып табылады және қарқынды і гипотензивті
терапияны қажет етеді.
• Қан ұюға қарсы терапия негізінде миға және басқа мүшелерге
қан құйылудың алдын алу үшін артериалдық қан қысымды қатаң
бақылау керек.
• Ангиотензин рецепторларының блокаторымен ем қабылдаған
АГ
бар науқастарда, жүрекше фибрилляциясының қайталануы
төмендеген.
• Жүрекше фибрилляциясының тұрақты түрінде қарыншалық
ырғақты
бақылауға
бета-блокаторлар
мен
кальцийдің
дигидропиридинді емес антагонистері (верапамил, дилтиазем)
көмектеседі.
Жүктілер
Осы топтағы науқастарда таңдау препараты метилдопа болып
табылады: Метилдопа ішке 250 мг 1 р/тәул, әр 2 күнде мөлшерін
250мг дейін жоғарлатуы мүмкін, барынша жоғары мөлшері 2 г 2—3
р/тәул.
Көрсеткіштер бойынша β-АБ, лабеталол, верапамилды
қолдануы мүмкін.
АҚ тез түсіру үшін (преэклампсия)
нифедипин, лабетатол,
гидралазин, магний сульфаты көрсетілген.
Қарсы көрсетілгендері: ААФ ингибиторлары, ангиотензина II
рецепторының блокаторлары (тератогенді әсер береді).
Достарыңызбен бөлісу: