Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет101/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Тұрақты стенокардия 
Этиология және патогенезі
Миокардтың оттегіге қажеттілігі мен коронарлық қан 
айналымнан келген қан көлемінің сәйкессіздігінің себептері: 

атеросклероз есебінен болатын қантамырлар қабырғасының 
морфологиялық өзгерістері (науқастардың көпшілік бөлігінде) 
немесе әртүрлі генездегі қабынулық үрдістер (инфекционды, 
аллергиялық, токсикалық); 

коллатералдық 
байланыстардың 
және 
коронарлы 
артериялардың 
гемодинамикалық 
айқын 
тарылуы 
бар 
науқастардағы компенсаторлы мүмкіншіліктердің жеткіліксіздігі; 

нейрогуморальдық бұзылыстар (симпатикалық-адреналдық 
жүйе белсенділігінің, эндотелин-1 құрамының жоғарылауы, азот 
оксидінің азаюы, жүректің рецепторлық аппараты қызметінің 
бұзылысы); 

себепсіз жүректің жиырылу жиілігінің айқын жоғарылауы; 

көбінесесе тромбоциттер агрегациясының жоғарылауынан 
және қанның коагуляциялық қасиеттерінің өзгерістерінен болатын 
миокард микроайналымының бұзылысы; анемия мен гемоглобин 
қызметінің бұзылысынынан миокардқа оттегінің жеткіліксіздігі; 

оттегінің жоғарғы қажеттілігін қажет ететін миокардтың 
метаболикалық бұзылыстар; 

гендік себептер (миокард метаболизмінің және тәждік 
қанайналымының реттелуіне қатысатын ферменттердің гендік 
бұзылыстарынан болатын тәж артерияларының дамуының, 
рецепциясының аномалиясы). 


187 
Диагностикалық өлшемдері 
Стенокардия – кеуде қуысының, төменгі жақтың, иықтың, арқа 
мен қолдың жайсыздығымен көрініс беретін; физикалық жүктеме 
немесе эмоционалдық күйзелу аурудың болуына жағдай жасайтын 
және тыныштық қалып пен нитроглицерин қабылдауынан кейін 
басылатын клиникалық симптом (ESC, 2006). Кеуде артындағы 
ауырсынулар ұзақ емес – 1 - 15 мин. Типтік СК қатар атипті СК 
көріністері де кездеседі (12-кесте).
12 - кесте. Кеуде қуысындағы ауырсынулардың клиникалық 
жіктемесі (ACC/AHA, 2002) 
Кеуде қуысындағы ауырсыну 
Сипаттамасы 
Типтік стенокардия 
Ұзақтығы мен сипаты бойынша 
типтік 
кеуде 
артындағы 
ауырсынулар, 
физикалық 
ауырсынулар немесе эмоционалдық 
күйзелу кезінде пайда болады, 
тыныштық 
қалыпта 
немесе 
нитроглицерин қабылдауынан кейін 
басылады 
Атиптік стенокардия 
Жоғарыда аталған белгілердің екеуі 
Ангинозды емес ауырсыну 
Жоғарыда аталған белгілердің біреуі 
немесе ешқайсысы болмайды 
ЖИА пайда болуы ауырсынулардың клиникасы, сонымен қатар, 
басқа да себептерға байланысты: жасы, жынысы, дислипидемия, 
семіру, диабет, шылым шегу, артериалдық гипертензия. 
Диагноз қою үшін аурудың клиникалық көрінісін ғана емес, 
сонымен 
қатар, 
тәждік 
қанайналымның 
жағдайы, 
оның 
бұзылысының механизмі мен компенсаторлы мүмкіншіліктері 
жайлы деректер беретін аспаптық және зертханалық зерттеу 
нәтижелерін білу қажет. 
Аспаптық және зертханалық зерттеулер: 

ЭКГ; 

Холтер бойынша ЭКГ мониторингі; 

физикалық күштемемен сынамалар (велоэргометрия, тредмил) 
немесе ЭКГ бақылауымен фармакологиялық күштемелік тесттер 
(добутамин, дипиридамол дәрілік заттарын пайдалану арқылы), 
радионуклидті әдістер, эхокардиография (ЭхоКГ); 


188 

ЭхоКГ миокардтың жиырылу қызметін және гипертрофия 
айқындылығын анықтау, сонымен қатар, жүректің қақпақшалық 
аппаратының жағдайын бағалауға арналған; 

Иық артериясындағы қанайналымды эндотелий қызметін
бағалау үшін реактивті гиперемиялық сынамаға арналған 
ультрадыбыстық зерттеу; 

Атеросклероз айқындылығын анықтауға арналған тамырішілік 
УДЗ; 

Тәждік қантамырлардағы морфологиялық өзгерістердің 
дәрежесін және орналасуын бағалайтын коронарлы ангиография, 
магнитті-резонансты ангиография; 

Миокардтағы 
адренорецепторлардың 
құрамын 
талдау
(радионуклидті әдіс); 

лимфоциттардағы β
1
-рецепторлар құрамын талдау; 

қандағы эндотелин деңгейін анықтау; 

жалпы қан талдауы (гемоглобин, гематокрит деңгейі, 
эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер құрамы); 

қанның биохимиялық талдауы: бүйрек, бауыр қызметін, ақуыз 
құрамын, 
гомоцистеин 
деңгейін, 
жалпы 
холестериннің, 
холестериннің төменгі тығыздықты липопротеидті, холестериннің 
жоғарғы тығыздықты липопротеидті, триацилглицеридті бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет