181
Бүйрек қызметі бұзылысы бар науқастар
• Бүйрек дисфункциясы мен бүйрек жеткіліксіздігі жүрек-
тамыр жүйесінің асқыныстарының болуының жоғары қаупімен
қосарланады.
•Бүйрек дисфункциясының үдеуінің алдын алуы екі бағытта
жүргізіледі:
а) қатал артериалдық қысымды бақылау (< 130/80 мм с.б. және
төмен протеинурии > 1 г/тәул);
б) қалыптыға жақын көрсеткіштерге дейін протеинурияны
азайту.
• Мақсатты АҚ жету үшін біріктірілген терапия керек, оның
ішінде бірнеше антигипертензивті препараттар (соның ішінде
ілмекті диуретиктер).
•
Протеинурияны
азайту
мақсатында
ангиотензин
рецепторларының блокаторы, ААФ ингибиторы мен олардың
қосындысы тағайындалады.
• Афро-америкалықтарды санамағанда, АГ бар, қант диабеті
мен протеинуриясы жоқ науқастар ренин-ангиотензинді жүйенің
блокадасы нефросклероздың алдын-алуда көмектесетіні туралы
қарма-қайшы мәліметтер бар. Бірақта осы препараттардың біреуін
біріктірілген терапияға қосу, негізделген.
• Жүрек-тамыр асқыныстарының жоғары қаупінің себебінен,
бүйрек зақымдалғанда, кешенді терапия өзекті мәселе болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: