Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет110/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Емі
Тұрақсыз стенокардия мен ST сегментінің жоғарлауымен МИ 
ауратын науқастарды емдеуде айырмашылық жоқ.
Қолайсыз нәтижелердің жиілігін төмендетудің ең басты әдісі 
антитромболитикалық 
терапия 
(әсіресе 
миокард 
реваскуляризациясымен қосарланғанда). Сонымен қатар, миокард 
ишемиясының айқындылығына және аурудың клиникалық 
көрінісіне әсер ететін ДЗ қолданады. Миокард ишемиясының 
өршуіне алып келетін экстракардиалдық себеп болса, оны тез арда 
жою керек. Біріншілік тұрақсыз стенокардиядан екіншілік тұрақсыз 
стенокардияның ерекшелігі белсенді антитромбтық терапияны 


205 
қолдану күмәнді болып келеді, бірақ аурудың бұл түрі клиникалық 
мәліметтерге негізделе отырып ажырату қиыншылық тудырады. 
Антитромбтық терапия 
Ацетилсалицил қышқылы 
Ацетилсалицил 
қышқылына қарсы көрсеткіш болмаған 
жағдайда ЖИА ST сегментінің жоғарылауынсыз барлық 
науқастарға 
тағайындауға 
болады. 
ТС 
бар 
науқастарда 
ацелилсалицил қышқылы өлімге қауіптілік пен МИ дамуын 50% 
дейін төмендетеді. 
Бұл ДЗ аурудың бастапқы сатысында және ұзақ уақытқа 
екіншілік алдын –алу ретінде қолдану тиімді. Мета-талдау нәтижесі 
ацетилсалицил қышқылының тәуліктік 75—150 мг мөлшерінде 
қабылдаудың тиімділігі одан жоғарғы мөлшерлерде қабылдаудан 
алынатын әсерден кем емес екендігін көрсетті. Асқазан-ішек 
жолдарының бұзылыстары сирек кездеседі. 
Ацетилсалицил қышқылы ішке (ішектік ерімейтін қабықшалы 
таблетканы шайнау және жұту) 160—325 мг бір реттік. 
Кейін мөлшерін аз етіп қабылдайды: 
Ацетилсалицил қышқылы ішке (ішектік ерімейтін қабықшамен 
қапталған немесе қапталмаған таблетка) 75—160 мг 1 р/тәул, 
белгісіз ұзақ уақытқа. 
Ацетилсалицил қышқылын қолдануға қарсы көрсеткіш: 
жоғарғы сезімталдылық, белсенді пептикалық жара, ұзақ уақыт қан 
кету, геморрагиялық диатез жатады. 
Тиенопиридин туындылары 
 
Тиклопидин ацетилсалицил қышқылын көтере алмаған 
жағдайда тағайындалатын баламалы ДЗ болып саналады. Асқазан-
ішек жолдарында дамитын асқыныстарына, аллергиялық реакция, 
нейтро- және тромбоцитопения дамуына байланысты ЖИА ұзақ 
уақыт емдеуде сирек қолданады.
Тиклопидинді жаңа тиенопиридин — клопидогрелге 
ауыстырылған. Клопидогрельді (орташа 9 айға) ацетилсалицил 
қышқылы мен гепарин 20% терапиясына қосу қантамыр себебінен 


206 
дамитын МИ, инсульттің және өлімнің даму қаупін төмендетеді
көрсетілген әсер жоғарғы қауіп тобында жоғарырақ болады.
Клопидогрел гиперсезімталдық және асқазан – ішектердегі 
айқын бұзылыстар кезінде баламалы ацетилсалицил қышқылы 
тәрізді әсер етеді: 
Клопидогрел ішке - бірінші мөлшер 300 мг, сосын 75 мг 1 
р/күніне. 
 Тромбоциттердің гликопротеинды IIb/IIIa рецепторларының 
блокаторлары
Бұл топқа жататын дәрілік заттар әмбебап антитробоцитарлы
препараттар болып табылады, бұлар белсендірілген IIb/IIIa
рецепторларының арасындағы көпіршенің түзілуімен байланысты 
болатын тромбоцит агрегациясының соңғы кезеңін тежейді. Қазіргі 
уақытта ST сегментінің көтеріліуінсіз жүретін ЖКС кезінде осы 
топтағы 4 препарат қолданылады: 
абциксимаб, тирофибан, ламифибан мен эптифибатид: 
Абциксимаб тамыр ішілік болюсты 0,25 мг/кг, сосын инфузия 
түрінде 0,125 мкг/кг/мин 
(жоғары мөлшері 10 мкг/мин) 12—24 сағат бойына (12 сағат ЧКВ 
кейін)
Немесе
Тирофибан тамыр ішілік болюсты 0,4 мкг/кг/мин 30 мин бойы,
сосын
Инфузия түрінде 0,1 мкг/кг/ч 48—96 сағат бойы (24 сағат ЧКВ 
кейін)
Немесе
Эптифибатид тамыр ішілік болюсты 180 мкг/кг, инфузия түрінде 
2,0 мкг/кг/мин 
72—96 сағат бойы (24 сағат ЧКВ кейін ). 
Тромбоциттың IIb/IIIa гликопротеинды рецепторларының 
ингибиторларын қабылдау ST сегментсіз ЖКС кезіндегі өлім 
көрсеткішін едәуір төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет