V саты. Науқасты ақпараттандыру, нұсқаулар беру, алдын –
ала ескерту.
Кез келген типті дәрілік терапияның маңызды құрамдық бөлігі,
ерекше клиникалық жағдайларды есепке алмағанда (шұғыл
медициналық көмек көрсету және т.б.). науқасты өзінің ауруы
туралы ақпараттандыру, оған тағайындалған дәрілік препараттар
99
мен оларды қолданылу ережелерін бүге-шігесіне дейін түсіндіру
болып табылады.
Науқастың емге көнуі немесе комплаенттілігі (ағылшын тілінен
compliance - келісім), науқастың саналы түрде фармакотерапияның
сұрыптауында және өзіндік бақылауына қатысуын болжамдайды.
Емді тағайындаудың науқастың көнуіне келесі себептер
қолайсыз әсер етуі мүмкін:
дәрігерден алған нұсқауды түсінбеу немесе орындаудың
мүмкіншілігінің болмауы.
науқас білімінің деңгейі төмендігі.
есте сақтау қабілеті төмендігі.
егде жас.
мазасыздық жағдайы.
психикалық аурулар.
дәрілік затты қолданудың күрделі сызбасы.
бір уақытта тағайындалған дәрілік заттар санының көп болуы.
науқастың дәрігермен өзара байланысы (дәрігерге сенімі).
дәрігер қабылдауына үнемі келуі.
науқастың өзінің денсаулығының шынайы жағдайын
түсінбеуі.
жағдайының жақсаруы (онда науқас алдын–ала ем қабылдауды
тоқтатуы мүмкін немесе қолданудың сызбасын өзгертеді).
препаратқа жағымсыз реакциялар.
препарат туралы дәріханадан, таныстарынан немесе жақын
адамдарынан дұрыс емес ақпарат алуы.
емдеу бағасының жоғарлауы.
қосымша емдеуді талап еткен қосалқы аурулардың пайда
болуы.
басынан өткерген ота.
басқа жаңа жерге көшу немесе демалыс кезінде уақытша кету
және т.б.
Кейбір
жағдайларда
дәрігердің
жазған
тапсырмасын
орындамаудың қандай да бір теріс әсерлері болмауы мүмкін. Бірақ,
кейде бұл науқас жағдайының айқын нашарлауына алып келеді,
тіпті, оларда қандай да бір екіталай жағдаймен асқынудың дамуы
да мүмкін. Қандай әдіспен науқастың дәрігер тағайындалған
терапияға көнуін жоғарлатуға болады?
100
1.
Өзіндік дәрілік заттың сапалы таңдауы (мүмкіндігінше,
бұл дәрілік заттың монотерапиясы тиімді және қауіпсіз болуы керек
әрі, ыңғайлы дәрілік түрде және қолайлы қолдану сызбасы бар
болса).
2.
Дәрігер мен науқастың арасында сенімді, шынайы өзара
қарым – қатынас орнату.
3.
Науқасты ақпараттандыру, нұсқаулар беру, алдын-ала
ескерту (науқасқа тағайындалған терапияны түсіндіру және
қолдануға мүмкіншілік береді).
Науқасқа ем тағайындаудың алдында фармакологиялық
сыртартпа (анамнез) жинау керек:
Қазіргі уақытта науқас қандай препарат қолданады?
Ретті қолданады ма?
Қашаннан бері қолданады?
Қандай мөлшерде және жиілігі қанша?
Дәрілік зат көмек береді ма?
Жағымсыз әсерлері бар ма?
Бұрын да тура осындай жағдайларда қандай препараттар
қолданды?
Неге қолдануды тоқтатты?
Дәрілік затқа аллергия (көтере алмаушылық ) байқалды ма?
Бұл
әңгімелесуден
кейін
дәрігер
науқастың
бұрын
тағайындалған дәрілік терапияға қалай қарайтыны туралы жалпы
мәлімет алады. Бұл сұрақтарға жауаптар алу, алдағы уақытта
науқасқа Ж – емді тағайындағанда науқаспен өзара дұрыс қарым –
қатынас құруға көмектеседі.
Ақпараттандыру және нұсқаулар беру.
Науқасты ақпараттандыру жеңіл тілмен түсіндірілуі қажет,
дәрілік зат туралы ақпарат көлемі науқасқа түсінікті болуы керек,
науқастың білім деңгейінен артық кетпеуі керек, медициналық
терминдер жиынтығын қолданбағаны дұрыс болып табылады.
Алдымен, науқасқа оның ауруы және дәрілік заттың
тағайындалуы, ерекше емдеудің қауіпсіздігі жеке болуы мүмкін
маңызды жағымсыз реакциялар туралы айтылуы керек.
Нұсқаулар беру уақытында науқасқа міндетті түрде
тағайындалған дәрілік заттың қолдану ережесін және сақталуын
айту керек. Науқасқа міндетті түрде дәрілік заттың жарамдылық
мерзіміне әсіресе, парентеральдық енгізілетін дәрілік заттарға
101
көңіл бөлуін айту керек. Нақты дәрілік заттың қолдану уақытын
көрсету қажет.
Қазіргі уақытта, дәріханада көптеген дәрілік заттарды рецептсіз
алуға болады сондықтан, науқастың дәрілік заттың атауын, қолдану
сызбасын дұрыс есте сақтағанына көз жеткізілуі керек. Егде
жастағы қарт адамдарға және есте сақтау қабілеті нашар адамдарға
бүкіл емдеу тәртібіне жазбалы нұсқау беру дұрыс болып табылады.
Ол түсінікті жазылған ереже түріндегі ақпарат болуы керек әрі
қолайлы себебі, науқас кеңес беру уақытында алған бүкіл
мәліметті есте сақтай алмауы мүмкін.
Бүкіл осы шаралардың (ақпараттандыру, нұсқаулар беру,
алдын-ала ескерту) жалғыз бір мақсаты бар - науқастың
тағайындалған терапияға берілгендігін жоғарлату арқылы тиімді
емге мүмкіндік жасау.
VI- саты. Жүргізіліп жатқан емнің тиімділігі мен
қауіпсіздігіне мониторинг (бақылау) жүргізу.
Нақты науқастың сырқатын емдеу үшін дәрілік зат
таңдалғаннан кейін, оның қолданылуы туралы нұсқау берілгеннен
кейін, ұтымды фармакотерапияның соңғы сатысы басталады –
жүргізіліп жатқан емнің тиімділігі мен қауіпсіздігіне мониторинг
(бақылау) жүргізу. Өйткені, дұрыс таңдалған емдеу курсы науқасқа
әрқашан көмектеспеуі де мүмкін. Емдеу барысын бақылау арқылы
оның қаншалықты тиімді және қауіпсіз екенін анықтауға болады
және сәтті терапия үшін қандай да бір қосымша шаралар қабылдау
керек екенін білуге мүмкіндік береді. Мониторинг кезекті
физикалық қарау, әртүрлі зертханалық – аспапты зерттеу әдістерін,
сонымен қатар, науқаспен емдеуге субъективті баға беруді
қарастырады.
Емдеу үрдісін бақылау сәтті болу үшін, дәрігер мен науқастың
арасында сенімді қарым қатынас болуы керек.
Кейбір жағдайларда, емдеуді бақылау науқастың өзіне
жүктеледі, онымен алдын-ала дұрыстап әңгімелесуді, оған барлық
мүмкін болатын терапияның соңын түсіндіруді, емнің
тиімсіздігінде немесе қолайсыз тиімділік көрінісінде, мүмкін
болатын шараларды жүргізуді талап етеді.
Бүкіл емнің ағымын бақылауды дәрігердің өзі жүргізгені дұрыс
болатын еді. Осы жағдайда дәрігер сырқат түріне және ем
ұзақтығына байланысты, науқасты қарау уақыт аралығын
102
анықтайды. Кейде, емнің басында науқастың келу аралық уақыты
қысқа, келешекте олардың арасы үлкейеді.
Неліктен емдеу үрдісіне бақылау жүргізу керек?
Ем нәтижесі тиімді ме? деген сұраққа жауап беру үшін:
1.
Ия, ем тиімді, ауру емделген.
Бұл жағдайда бақылау және емдеу тоқтатылады.
2.
Ем тиімді, бірақ ауру әлі де толық емделген жоқ.
Жүргізіліп жатқан ем уақытында өзгеріс оң болса, жағымсыз
реакциялар болмаса бірақ, ауру созылмалы және ұзақ уақыт
терапияны қажет етсе, онда бұл жағдайда ем өзгеріссіз қалады және
бақылауы жалғастырылады. Егер емдеу барысында өзгеріс теріс
болса, жағымсыз реакциялар пайда болса, ауру созылмалы және
ұзақ уақыт терапияны қажет етсе, онда бұл жағдайда емдегі дәрілік
препаратты алмастыру керек немесе мөлшерін төмендету әрі қарай
бақылау керек.
3.
Ем тиімді емес, ауру емделген жоқ.
Егер науқас жағдайы тағайындалған терапиядан кейін
жақсармаса, ал нашарлауы болса, онда Ж – емдеуді таңдау бүкіл
кезеңдерін қайта қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |