Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦



Pdf көрінісі
бет10/77
Дата14.12.2021
өлшемі1,31 Mb.
#126386
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77
Байланысты:
Инвестиция негіздері

орталықсыздандыру,  мамандандыру, 

бәсекелестік  және  ашықтық  қағидаларына

  негізделетін  бір-

ыңғай жүйені қалыптастыруы тиіс.  

Орталықсыздандыру  қағидасы

  жеке  сектордың  бастамала-

рын  қолдау  (қаржылай  қолдау)  көздерінің  сан  түрлі  болуын 

білдіреді.  Іс  жүзінде  бұл  мемлекеттің  қаржы  және  ақпараттық 

ресурстарды  бір  ғана  даму  институтына  жұмылдырмайтынын 

білдіреді.  Бұл  шешімдерді  қабылдау  кезінде  мүмкін  болатын 

жүйелі  тәуекелдерді  болдырмауға  және  бәсекелестіктің  негізін 

салуға,  соның  нәтижесі  ретінде  қолдау  көрсету  кезінде 




Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 

 

29 



 

неғұрлым  ашық  саясат  жүргізуге,  сондай-ақ,  жеке  сектордың 

бастамаларын  неғұрлым  терең  талдауды  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік  береді.  Мысалы,  егер  перспективалы  жоба  даму 

институттарының  бірінде  қолдау  таппаса,  онда  оны  басқа 

институттан алу мүмкіндігі сақталады.  



Мамандану  қағидасы

  даму  институттарының  қызметтерінің 

белгілі  бір  операцияларына  және  түрлеріне  мамандануын 

білдіреді.  Мысалы,  Қазақстан  Даму  Банкі  жобаларды  банктік 

несиелеу  арқылы,  Қазақстан  инвестициялық  қоры  –  жарғылық 

капиталға үлестік (бақылаусыз) қатысуы арқылы, Ұлттық инно-

вациялық  қор  –  гранттар,  оның  ішінде  ғалымдар  мен  ғылыми 

мекемелерге  гранттар  беру  және  капиталға  үлестік  қатысу 

арқылы  жобаларды  қаржыландыруға  маманданған.  Мамандану 

қағидасы даму институттарының мамандану шеңберінде опера-

циялармен және қызмет түрлерімен ғана айналысатынын білдір-

мейді. Олар өздері үшін негізгі болып табылмайтын басқа опе-

рацияларды  да  жүзеге  асыра  алады.  Бұл  үшін  негізгі  емес 

операциялар  мен  қызмет  түрлерін  жүзеге  асырудың  лимиттері 

белгіленген.  

Бәсекелестік  қағидасы

  даму  институттарының  қызметін 

бәсекелестік  негізде  жүзеге  асыруды  білдіреді.  Мұндай  қажет-

тілік институттардың көпшілігі дамудың осы кезеңінде нарықта 

жоқ  институттарға  еліктеуге  бейімді  екенімен  байланысты. 

Институттардың  қызметі  нарықтық  институттарға  еліктеуді 

білдіретінін  ескере  отырып,  әуел  бастан  олардың  қызметін 

нарықтық,  яғни бәсекелестік  негізде  құру.  Бәсекелестік  қағида-

сы  қандай  да  бір  институттың  қызметінің  нәтижелерін  салмақ-

тауға мүмкіндік береді.  



Ашықтық  қағидасы

  менеджерлердің  есептілігі  мен  жауап-

кершілігін,  қаржы  ресурстарын  мақсатты,  әрі  тиімді  пайдалану 

үшін тиісті бақылауды қамтамасыз ететін дамудың мемлекеттік 

институттарын корпорациялық басқарудың ашық жүйесін құру-

ды  білдіреді.  Мемлекет  даму  институттарының  алдына  қойыл-

ған  міндеттерді  тиісінше  іске  асыру  мақсатында  олардың  қыз-

метін  қандай  да  бір  қысымнан  қорғауды  қамтамасыз  етуі  тиіс. 

Осы  қағиданы  жүзеге  асыру  үшін  тәуелсіз  директорлар 



Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 

 

30 



 

институты  мінсіз  іскерлік  беделі  бар  шетелдік  жоғарғы  білікті 

менеджерлерді тарта отырып, корпоративтік басқарудың қазіргі 

заманауи құралдарын белсенді пайдаланады.  



Мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың негіз-

гі мәні

 әлемдік нарықтағы белгілі бір тауашалардағы (ұяшықтар-

дағы)  экспортқа  бағытталған  экономиканың  шикізаттық  емес 

салаларында  және  инновациялық  секторда  бәсекеге  қабілетті 

ұлттық  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулер  өндірісін  құру  мен 

дамыту болып табылады. 



Индустриалды  саясат

  деп  мемлекет  олар  арқылы  бәсекеге 

қабілетті  және  тиімді  ұлттық  өнеркәсіп  пен  жоғары  техноло-

гиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы 

жағдайлар  жасайтын,  сондай-ақ  қолдау  көрсететін  шаралар 

кешенін түсіндіреді. 



Стратегия 

индустриалды-инновациялық дамудың және эко-

номикалық  саясаттың  индустрияландырудан  кейінгі  және  үде-

мелі инновациялық даму жағына қарай экономика құрылымын-

дағы сапалы өзгерістерді жүргізуді қамтамасыз етуге жұмылды-

рылған мемлекеттің барлық қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін 

тиімді  пайдалануға  негізделген  саяси,  экономикалық  және 

ұйымдық-құқықтық  шаралардың,  қағидалардың,  басымдықтар-

дың жиынтығын білдіреді.  

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет