налды. Сол себепті еліміздегі индустриалды-инновациялық даму
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
27
ұйымдар мен кәсіпорындар желісі бар қалаларда қазіргі заманғы
ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның
қазіргі заманғы элементтерінің қызметін (технопарктер, ұлттық
ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.)
қолдауда. Ғылыми-техникалық және өндірістік ұйымдар мен
кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыруға,
ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға,
өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың
жылдамырақ енуіне бағытталған заң шығару базасы да елімізде
барынша жетілдіріліп жатыр. Бұл Қазақстанда индустриалды-
инновациялық саясаттың алғышарты жасалғанын көрсетеді.
Индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жж. және
2010-2014 жылдарға арналған стратегиясының
маңызды міндет-
терінің бірі
мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық
стратегияларды іске асыру, инвестициялық белсенділікті реттеу
мен ынталандыру болып табылады. Бұл индустриалды-инно-
вациялық дамуды, қазіргі мемлекеттік басқару жүйесін қайта
қарауды және белгілі бір дәрежеде қайта құруды қажет етеді.
Өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік экспортындағы ҚР-ның үлесін
ұлғайту және барлық факторлардың өнімділігінде дамыған
елдерден алшақтықты қысқарту арқылы 2035 жылға қарай
өңдеуші өнеркәсіпте Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымының ең дамыған елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің
орташа деңгейіне қол жеткізу индустрияландыру саясаты болып
табылады. 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасын үде-
мелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекет-
тік бағдарлама шеңберінде бірінші кезең іске асырылды, онда
индустриялық даму үшін заңнамалық, инфрақұрылымдық және
институционалдық негіздер қаланды.
Индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға
арналған стратегиясының
мақсаты
– еңбек өнімділігін арттыру-
ға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға
бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін
екпінді ынталандыру.
Сондай-ақ,
міндеттері:
1)
дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебі-
нен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау;
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
28
2)
сала түзуші ірі жобаларды іске асыру арқылы индустрия-
лық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру;
3)
экспортқа және өз еңбегінің өнімділігін үнемі арттыруға
бағдарланған тиімділігі жоғары индустриалдық кәсіпкер-
ліктің пайда болуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
4)
инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің
пайда болуы үшін алғышарттар жасау.
Стратегияларда қойылған мақсаттар мен міндеттерге тиімді
қол жеткізу үшін олардың шеңберінде стратегияны одан әрі
жүзеге асыруда күтілетін жаңа экономикалық шарттарды ескере
отырып, оны іске асыру тетіктерін сапалық жағынан жаңадан
толықтыру және экономиканы одан әрі жаңғырту, экономика-
ның барлық салалары мен капиталды қарқынды дамыту бойын-
ша мемлекеттің кешенді күшін айқындау талап етіледі.
ҚР-сын индустриалды-инновациялық дамытуға арналған
мемлекеттік бағдарламалары «Қазақстан-2050» стратегиясының
ұзақ мерзімді басымдықтарына, Қазақстанның әлемнің дамыған
отыз елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI жалпы отырысында
Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және ҚР
Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқы-
на Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Стратегияларды жүзеге асыру мақсатында даму институт-
тары қызмет атқарды. Жалпы алғанда, даму институттарының
тұрақты жұмыс істеуі
Достарыңызбен бөлісу: