Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
12
Интеллектуалдық инвестициялар
–
жұмысшылардың кәсіби
біліктілігін көтеруге және ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-тех-
никалық жұмыстарды жүргізуге жұмсалынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар
–
бағалы қағаздарды сату мен са-
тып алуға жұмсалатын салымдар.
Тікелей инвестициялар
– нақты ұзақ мерзімді жобаға қаражат
салу және нақты активтерді сатып алумен байланысты салым-
дар.
Портфельдік инвестициялар
– капиталды жобалар тобына
салу, мысалы әртүрлі кәсіпорындардың бағалы қағаздарын са-
тып алуға кететін салымдар.
Басқа да инвестициялар
– басқа да әр түрлі ұйымдармен
берілетін займдар.
Инвестицияның типтері:
1. Салым салу саласына және ақша-қаражаттарды жұмсау
бағытына қарай инвестиция үш түрге бөлінеді:
қаржылық инвестициялар;
материалдық емес активтерге жұмсалынатын инвести-
циялар;
материалдық активтерге жұмсалынатын инвестициялар.
Қаржылық инвестицияларға
бағалы қағаздарды сатып алу
шығындары, басқа да заңды тұлғаларға берілетін несиелер,
кепілдіктер, сонымен қатар несиелік және банктік мекемелермен
берілетін несиені ұсыну жатады.
Материалдық емес активтерге
жұмсалынатын инвестиция-
ларға лицензиялар, зерттеу, барлау жұмыстары, ноу-хау, кадр-
ларды оқытуға, даярлауға кеткен шығындар, жарнама, фирма
имиджі, әлеуметтік салаға жұмсалынған шығындар, тауар бел-
гілері, авторлық құқықтар жатады.
Материалдық активтерге жұмсалынатын инвестицияларға
негізгі капиталға жұмсалынған салымдар, негізгі қордың жөндеу
шығындары, жер учаскелері, табиғатты пайдалану объектілері
жатады.
Материалдық активтерге жұмсалынатын инвестицияларды
нақты
инвестициялар, ал бағалы қағаздарға жұмсалынатын
инвестицияларды
портфельдік
инвестициялар деп атайды.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
13
2. Жүзеге асырылу мерзіміне байланысты:
қысқа мерзімді инвестициялар (1 жылдан 5 жылға
дейін);
орта мерзімді инвестициялар (5 жылдан 20 жылға дейін);
ұзақ мерзімді инвестициялар (20 жылдан жоғары).
3. Қайта өндіру үдерісіне қатысу деңгейіне байланысты:
қайта инвестициялау – реинвестициялар, негізгі өнді-
рістік қорларды жаңартуға, жөндеуге, қайта қалпына келтіруге
бағытталған инвестициялар;
нетто инвестициялар – өндірісті кеңейтуге арналған ин-
вестициялар;
брутто инвестициялар – қайта инвестициялау және нетто
инвестициялардың жиынтығы.
4. Тәуекелдік деңгейіне байланысты:
тәуекелділігі төмен инвестициялар – бағалы қағаздарға
салынатын салымдарға қатысты инвестициялар;
тәуекелділігі орта инвестициялар – нетто инвестициялар;
тәуекелділігі жоғары – компанияның акцияларына салы-
натын салымдар, венчурлық инвестициялар.
5. Аймақтық сипатына байланысты:
шетелдегі инвестициялау – берілген елдің мемлекеттік
шекарасынан тыс орналасқан инвестициялау объекті-
леріне қаражаттарды салу;
ішкі инвестициялау – берілген елдің аумағында
орналасқан
объектілерге қаражаттарды салу;
аймақтық инвестициялау
Достарыңызбен бөлісу: