Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет115/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Жұлынның қабықтары

Жұлынды үш қабық жауып жатады. Жұлынның қатты қабығы, dura mater spinalis,жұлынды сыртқы жағынан түтік түрінде қоршап жатады.Қатты қабық пен


омыртқалардың аралығында қатты қабықүстілік ( эпидуралды немесе перидуралды ) қуыс, cavitas epiduralis , орналасқан. Бұл кеңістікте (қатты қабық пен омыртқалардың аралығында ) көптеген дәнекер тіндік будалар тартылған және қатты қабықтың бүйір өсінділері жұлын нервтерінің қабықтарына жалғасады. Қатты қабықүстілік кеңістікте шелмай және омыртқаішілік веналық өрім орналасқан. Мидың қатты қабығы жоғарғы жағында шүйделік үлкен тесікке бекіп , мидың қатты қабығына жалғасады , ал төменгі жағында II сегізкөз омыртқасының деңгейінде тұйық аяқталады. Осы жерде қатты қабық жұлынның басқа қабықтарымен тұтасып, соңғы жіптің қабығына жалғасады да
,құйымшаққа бекиді.

Қатты қабықтың ішкі жағындағы жұлынның торлы қабығы, arachnoidea spinalis, жұқа, түссіз және мөлдір (тамырлары жоқ ) болады, қатты қабық екеуінің аралығында жұқа саңылау қатты қабықастылық кеңістік, spatium subdurale, орналасады.


Жұлынның жұмсақ қабығы, pia mater spinalis, жұлынға тығыз жанасып, оны тікелей жауып жатады және қан тамырларымен бай жабдықталған. Жұмсақ қабық пен торлы қабықтың аралығында едәуір көлемді торлы қабықастылық қуыс , cavitas subarachnoidalis , орналасқан , оның іші ми жұлын сұйықтығымен , liquor cerebrospinalis , толған. Бұл кеңістік мидың аттас қуысына жалғасады. Жұмсақ қабықтың латералды бетінен, фронтальды жазықтықта орналасқан үшбұрышты 19-23 тісті байламдар ,ligamentum denticulata , шығады,олардың шеттері торлы қабықпен жабылып, көршілес екі жұлын нервтерінің аралығындағы қатты қабықтың ішкі бетінде аяқталады. Жұлынды тісті байламдардан басқа , жұмсақ қабық пен торлы қабықтың аралығындағы көптеген дәнекер тіндік жіпшелер де бекітіп тұрады.
Жұлынның скелетотопиясына байланысты ми – жұлын сұйықтығын тексеруге алу үшін инені III- IV бел омыртқаларының аралығы арқылы өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет