Артқы жіпше, артқы аралық жүлге арқылы, медиалды орналасқан жіңішке будаға, fasciculus gracilis, (Голль будасы) және латералды орналасқан сынатәрізді будаға, fasciculus cuneatus, (Бурдах будасы) бөлінген. Аталған екі буда арқылы саналы проприоцептивтік сезімнің өткізгіш жолы және жанасу, қысым сезімінің өткізгіш жолының бір бөлігі өтеді.
Бүйір жіпшеде орналасқан жоғарылаған өткізгіш жолдар:
Жұлын – мишықтық алдыңғы жол, tractus spinocerebellaris anterior (Говерс жолы);
Жұлын – мишықтық артқы жол, tractus spinocerebellaris posterior (Флексиг жолы), аталған екі жол мишыққа санасыз проприоцептивтік импульстарды жеткізеді.
Жұлын – таламустық латералды жол, tractus spinothalamicus lateralis, ауырсыну және температура сезімталдығын өткізеді.
Бүйір жіпшенің төмендеген өткізкіш жолдары :
Қыртыс – жұлындық латералды жол, tractus corticospinalis lateralis, саналы қозғалтқыш импульстарды ми қыртысынан ( орталық алды қатпарынан ) жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.
Қызыл ядро – жұлындық жол, tractus rubrospinalis, ортаңғы мидың қызыл ядросынан басталып ,қарама – қарсы жаққа өтіп , жұлынның алдыңғы мүйізінде
орналасқан қозғалтқыш нейрондарда аяқталады.Бұл жол экстрапирамидалық жүйеге жатады, яғни қаңқалық бұлшықеттердің тонусын және жиырылу реттілігін санасыз түрде қамтамасыз етіп отырады (қимыл – қозғалыстарды «автоматты» басқарады ).
Достарыңызбен бөлісу: |