Ұйқыбездің эндокриндібөлігі Жоғарыда айтылғандай, ұйқыбезде секреттік құрылымдардан бөлек ішкі секреттік сипаттамадағы жасушалық топтар орналасқан. Бұл топтар – аралшықтар (insulae), без паренхимасының өне бойына жайылған, шағын мөлшерлі жасушалардан (кейде үлкен көлемге жететін – 175 мкм) құралған. Бірақ жасушалар саны бездің құйрығында басымырақ. Аралшықтар көмірсу алмасуын реттеуге қатысатын инсулин гормонын өндіреді. Бездің бұл қызметі нерв жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Бұны аралшықтың мол нервтенуінен байқауға болады.
Параганглийлержәнешумақтар(гломустар) Параганглийлер мен гломустар – дамуы бойынша симпатикалық нерв жүйесінің ганглиялық жасушаларына жақын, жекеленген хромоффинді жасушалардың шоғыры. Айрықша тұрақтылары, қолқаның іштік бөлігінің бүйірлерінде орналасқан, қолқа жанындағы денешіктер (paraganglion aorticum) және жалпы ұйқы артериясының айырығындағы (ішкі және сыртқы ұйқы артерияларға бөлінетін жері) ұйқы шумағы (glomus caroticum). Бұл түзілістердің ішкі секреттік қызметі бүйрекүсті безінің милық затының қызметіне ұқсас.
Жынысбездерініңэндокриндібөлігі Ерекше белгілері, әйелдердің жыныстық екі гормондары (эстрон – фолликулин және прогестерон – анабездің сары денесінің гормоны) және еркектерде атабездің еркектік жыныстық гормоны – андроген.
Эстрон анабездегі фолликуллдардың даму барысында түзіледі. Бұдан басқа эстронды плацента (бала серігі) және кейбір деректерге сүйенсек бүрекүсті безі де өндіреді.
Биологиялыққасиеттері: етеккір (менструация) циклін реттейді, жатырдың дамуын ынталандырады, екінші жыныстық белгілердің дамуына жағдай жасайды, нерв жүйесінің сергектігін (тонус) көтереді, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гонадотроптық қызметін реттейді т.б.
Прогестерон – анабездің сары дене гормоны – анабез фолликулының жарылған жерінде пайда болған тыртық тінінің екіқабаттылық (жүкті болу) басталғанда бөліп шығаратын секреті.