Бассүйектің қозғалғыш құрамдары:
Шықшыт буыны – асты қабылдауда, тынысалу актісінде, дауыстың Түзілуінде, ымдауда және сөйлеу үрдісінде маңызды роль атқарады.
Есту сүйекшелері арасындағы буындар ауа тербелісін дабыл жарғағынан ішкі құлаққа өткізіп есту ағзасының есту қабылетін күшейтуге әсерін тигізеді.
Жоғарыда аталған қызметтерді қалыпты атқаруына бассүйектің ерекше құрылымының әсері бар, ол бірнеше морфо-қызметтік бөліктерден тұрады.
Бассүйек филогенезі Төменгі сатылы омыртқалыларда
Үш бөліктен тұратын шеміршектік бассүйек:
Ми сауыты
Құлақтық қапшық
Мұрындық қапшық
Мисауыт екі бөлімнен тұрады
Прехордальды бөлім Хордальды бөлім Бөлімдердің арасында гипофиз орналасқан.
Прехордальды бөлім сегменттелмеген, онда алдыңғы ми, көзұя мен мұрындық бөлімдер.
Хордальды бөлім сегменттелген, ол шүйделік және құлақтық аймақтардан тұрады.
Шүйделік аймақта ромбтәрізді және ортаңғы милер орналсқан. Құлақтық аймақ, суда жүзушілерде (балықтар) тепе-теңдік, ал құрлықтық төменгі сатылы омыртқалыларда – есту ағзаларының орыны.
Осындай бассүйек алғашқы немесе примордиальды (латын сөзі - prіmus – алғашқы, бірінші, ordo - рет) бассүйек деп аталады. Оның аңдар әлеміндегі нағыз өкілі акула болып саналады.
Филогенездің келесі кезеңі сүйекті бассүйек. Сүйекті бассүйек сүйектердің екі түрінен түзілген:
Бірінші түрі – шеміршек орнына дамыған алмастырушы сүйектер Екінші түрі – жамылғы сүйектер, шығу тегі ежелгі балықтардың қабыршақтары.
Алмастырушы сүйектер бассүйектің негізі мен бүйір бөліктерінде дамыған. Жамылғы сүйектер бассүйектің төбесі мен висцеральды бөлігін түзеді. Эволюция үрдісінде тіршіліктің судан құрлыққа бейімделуінен, мидың, сезім ағзаларының дамуынан, желбезектердің өшуінен, мұрын арқылы тыныс алудан және тіс-жақсүйектік аппараттың күрделіленуінен бассүйек құрылысы да біршама өзгерістерге ұшырады.
Бірқатар сүйектер бір-бірімен қосылып іріленсе, кейбіреулері кері дамып редукцияланды, соның салдарынан біртіндеп бассүйек сүйектерінің
саны да азайды. Есту сүйекшелерімен мұрын қуысын ауыз қуысынан бөлуші қатты таңдай пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |