Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет38/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû
Б1.Б.18 Психология массовых коммуникаций, Б1.Б.18 Психология массовых коммуникаций, 11-сынып,орыс сыныбы қазақ тілі, 1 нұсқа, 123, 123, 123, 123, 123, (фото)Ұлттық екпе күнтүзбесі, ӘРБІР МҰСЫЛМАН БІЛУІ ТИІС СҰРАҚТАР, Пробный урок АНГЛИЙСКИЙ, 15,16,17,18 билеттер, 13,14.15 тарбие, instr entkz
Екі білікті буындар
Эллипстәрізді буын, articulatio ellipsoidea, инконгруэнтті, эллипс кесіндісі сияқты буындық шұңқыр мен буындық бастан түзілген. Бұл буында сагитталды білік айналасында – әкелу және әкету, фронталды білік бойында – бүгу және жазу қимылдары іске асады. Мысалы, кәрі жілік-білезік буыны.
Ертоқымтәрізді буын, articulatio sellaris, буындық беттердің пішіні ертоқымға ұқсас, біреуі дөңес, екіншісі ойыс болып келеді. Буынның осы пішіні бас бармақтың білезік-алақан сүйек буынында кездеседі. Фронталды білік айналасында бүгу және жазу, сагитталды білік бойында әкелу және әкету қозғалыстары жүзеге асады.
Айдаршықты буын, articulatio bicondylaris, буындық беттердің біреуін айдаршықтар түзеді, мысалы, тізе буынында буындық беттерді бір жағынан ортан жіліктің айдаршықтары түзсе, ал ауыз омыртқа-шүйде буынында шүйде сүйектің айдаршықтары құрайды. Бұл буындардағы біліктің біреуі әрқашанда фронталды болады, ал екіншісі вертикалды немесе сагитталды біліктер болып келеді. Мысалы, тізе буынындағы қимылдар фронталды, вертикалды біліктер айналасында, ал ауыз омыртқа-шүйде буынында фронталды, сагитталды біліктер бойынша іске асады.


Көп білікті буындар
Шартәрізді буын, articulatio spheroidea, дөңес буындық беті шартәрізді болып келеді, әдетте буындық беттері инконгруэнтті (буындық басы үлкен, буын ойысы кіші) болады. Бұл буында: фронталды білік айналасында – бүгу, жазу; сагитталды білік бойынша – әкелу, әкету; вертикалды білікке қатысты – айналдыру және шеңбер бойынша – circumductio қозғалыстары мүмкін болады. Шартәрізді буындардағы қозғалыстардың ауқымы басқа пішінді буындардан артық болады, себебі олардағы буындық беттердің айырмашылығы үлкен, буын қапшығы кең, байламдары аз болып келеді. Мысалы, иық буыны арқылы көптеген біліктер (олардың ішінде аталған негізгі үш білік ажыратылады) айналасында қимылдар жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет