Іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, m. obliquus internus abdominis:
басталатын жері: f. thoracolumbalis (беткей жапырақшасы); linea intermedia cristae iliacae; lig. іnguinale (латералді бөлімі);
бекитін жері: артқы будалары – costae10-12; қалған будалары апоневрозға ауысады да, қарама-қарсы жақтағы жалпақ бұлшықеттердің апоневроздарымен қиылыса бітісіп, іштің тік бұлшықетінің қынабын және іштің ақ сызығын түзуге қатысады;
қызметі: тұлғаны жиырылған жағына қарай бұрады (бір жақты жиырылғанда); омыртқа бағанасын бүгеді (екі жақты жиырылғанда); қабырғаларды түсіреді, іш тығыршығын түзуге қатысады.
Іштің көлденең бұлшықеті, m. transversus abdominis:
-басталатын жері: costae7-12; fasсia thoracolumbalis (терең жапырақшасы); labium internum cristae iliacae; lig. іnguinale (латералді үштен бірі);
-бекитін жері: іштің алдыңғы бүйір бетінде апоневрозға ауысады да, қарама- қарсы жақтағы жалпақ бұлшықеттердің апоневроздарымен қиылыса бітісіп, іштің тік бұлшықетінің қынабын және іштің ақ сызығын түзуге қатысады;
-қызметі: іш қуысы ағзаларының бекітіліп тұруына жағдай жасайды, іш тығыршығын түзуге қатысады.
Іш бұлшықеттерінің артқы тобы
Белдің шаршы бұлшықеті, m.quadratus lumborum:
басталатын жері: labium internum cristae iliacae (артқы бөлімі) et lig.iliolumbale; processus transversus L2-5;
бекитін жері: costa12, corpus Th12 et processus transversus L1-4;
қызметі: омыртқа бағанасының тік ұсталып тұруын қамтамасыз етеді (екі жақты жиырылғанда); омыртқа бағанасын бүйіріне ию (бір жақты жиырылғанда).
Іштің топографиясы
Іштің тік бұлшықетінің қынабы, vagina m.recri abdominis, екі қабырғасы болады: алдыңғы және артқы, олар ұзына бойына бірдей орналаспаған:
linea arcuata-дан жоғары:
алдыңғы қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозынан және іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің алдыңғы табақшасынан құралған;
артқы қабырғасы іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің артқы табақшасынан, көлденең шандырдан және ішастардан құралған;
linae arcuata-дан төмен:
алдыңғы қабырғасы іштің барлық жалпақ бұлшықеттерінің апоневроздарынан құралған;
артқы қабырғасы көлденең шандырдан және ішастардан құралған.
Достарыңызбен бөлісу: |