Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет69/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Мұрын бұлшықеттері Мұрын бұлшықеті, m.nasalis:

  • басталатын жері: жоғарғы ит тіс пен латералді күрек тістік juga alveolaria;

  • бекитін жері: а) көлденең бөлігі, pars transversa, - қарама-қарсы жақтағы аттас бөлігімен мұрын қырқасында бітіседі; б) қанаттық бөлігі, pars alaris, -мұрын қырқасының терісі.

  • қызметі: а) көлденең бөлігі – мұрын тесігін тарылтады; б) қанаттық бөлігі –мұрын қанаттарын түсіреді.




  1. Ауыз айналасындағы бұлшықеттер

Ауыздың дөңгелек бұлшықеті, m.orbicularis oris:

  1. - еріндік бөлігі, pars labialis, еріндердің негізінде жатады;

  2. - жиектік бөлігі, pars marginalis, ауыз аймағын жиектеп жатады да, жақын жатқан бұлшықеттерге ауысады;

  • қызметі: ауыз саңылауын жабу.

Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықет, m.levator labii superioris:

  • басталатын жері: көзұяасты жиегі;

  • бекитін жері: мұрын-ерін қатпарының терісі;

  • қызметі: жоғарғы ерінді көтеру.

Үлкен және кіші бетсүйек бұлшықеттері, mm.zygomaticus major et minor:

  • басталатын жері: os zygomaticum;

  • бекитін жері: езу терісі және ұрттың шырышты қабығы;

  • қызметі: езуді жоғары және латералді жылжыту.

Күлкі бұлшықеті, m.risorius:

  • басталатын жері: f.parotidea et masseterica;

  • бекитін жері: m.depressor anguli oris-ке қосылады;

  • қызметі: езуді латералді тартады.

Езуді түсіретін бұлшықет, m.depressor anguli oris:

  • басталатын жері: mandibulae-нің төменгі жиегі;

  • бекитін жері: езудің терісі;

  • қызметі: езуді төмен тартады.

Езуді көтеретін бұлшықет, m.levator anguli oris:

  • басталатын жері: fossa canina;

  • бекитін жері: жоғарғы еріннің терісі мен шырышты қабығы;

  • қызметі: езуді жоғары көтереді.

Төменгі ерінді түсіретін бұлшықет, m.depressor labii inferioris:

  • басталатын жері: mandibula (foramen mentale астында);

  • бекитін жері: төменгі еріннің терісі мен шырышты қабығы;

  • қызметі: төменгі ерінді түсіреді; оны латералді жаққа тартады.

Иек бұлшықеті, m.mentalis:

  • басталатын жері: jugum alveolare mandibulae;

  • бекитін жері: иектің терісі;

  • қызметі: иек терісін көтереді.

Ұрт бұлшықеті, m.buccinator:

  • басталатын жері: crista buccinatoria mandibulae; raphe pterygomandibulare;

  • бекитін жері: ұрттың, жоғарғы және төменгі еріндердің шырышты қабығы;

  • қызметі: езуді артқа тарту, ұртты жиыру.

Бастың шандырлары

    1. Бастың беткей шандыры, f.capitis superficialis, мимикалық бұлшықеттердің көпшілігін перимизиум түрінде жауып жатады.

    2. Бастың меншікті шандыры, f.capitis propria, 4 бөлігі болады, олардың әрқайсысы жеке шандыр ретінде қарастырылады:

      1. самай шандыры, f. temporalis, linea temporalis superior-дан басталып, екі табақшаға бөлінеді:

а) беткей табақша, lamina superficialis, arcus zygomaticus-тің сыртқы бетіне

бекиді;
б) терең табақшасы, lamina profunda, arcus zygomaticus-тің ішкі бетіне бекиді;

      1. шайнау бұлшықетінің шандыры, f.masseterica, m.masseter-ді жабады.

      2. шықшыт безінің шандыры, f.parotidea, gl. рarotidea үшін қапшық түзеді.

      3. ұрт-жұтқыншақ шандыры, fascia buccopharyngea, m.buccinator-дың сыртқы

бетін және жұтқыншақтың бүйір қабырғасын жабады.
Қанаттәрізді бұлшықеттерді жабатын шандыр перимизуим түрінде болады.
Бастың топографиясы

Апоневрозаралық самайлық кеңістік, spatium interaponeuroticum temporalе, lamina superficialis et lamina profunda f.temporalis және бетсүйек доғасының жоғарғы
жиегі арасында орналасқан; ол сүйекті-талшықты болып табылады;

  • кеңістіктегі құрылымдар: шелмай.

Апоневрозастылық самайлық кеңістік, spatium subaponeuroticum temporale, planum temporalе және lamina profunda f.temporalis арасында орналасқан; ол сүйекті- талшықты болып табылады;

  • кеңістіктегі құрылымдар: самай бұлшықеті және оның тамырлары мен нервтері; шелмай.



Самай қанаттәрізді аралық, interstitium temporopterygoideum, латералді қанаттәрізді және самай бұлшықеттерімен шектелген; бұлшықетаралық кеңістік болып табылады;



Қанаттәрізді өсінділер аралығы , interstitium interрterygoideum, медиалді және латералді қанаттәрізді бұлшықеттермен шектелген; бұлшықетаралық кеңістік болып табылады.

  • аралықтағы құрылымдар: шелмай; a.maxillaris және оның тармақтары;

n.mandibularis тармақтары; plexus venosus pterygoideus құйылыстары.
Ұрттың майлы денешігі, corpus adiposum buccae, ұрт және шайнау бұлшықеттері арасында талшықты құндақта орналасқан; 3 өсіндісі бар: самайлық, көзұялық және қанат-таңдайлық.
ҚОЛ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
Иық белдеуінің бұлшықеттері
Иық белдеуі бұлшықеттерінің орналасуы бойынша жіктелуі: I беткей қабатыm. deltoideus;
II терең қабаты:

  1. жауырынның дорсалді бетінде орналасқан бұлшықеттер mm. supraspinatus, infraspinatus, teres minor, teres major;

  2. жауырынның қабырғалық бетінде орналасқан бұлшықеттер m. subscapularis.

Иық белдеуінің барлық бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) – нервтенуі plexus brachialis тармақтары арқылы жүзеге асады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет