Беткей қабаты
Дельтатәрізді бұлшықет, m. deltoideus:
басталатын жері: clavicula (латералді үштен бірі); acromion; spina scapulae;
бекитін жері: tuberositas deltoidea humeri;
қызметі: иықты бүгу және ішке айналдыру (алдыңғы будалары); иықты жазу және сыртқа айналдыру (артқы будалары); иықты әкету (ортаңғы будалары).
Терең қабаты
Жауырынның дорсалді бетінде орналасқан бұлшықеттер: Қылқанүсті бұлшықеті, m. supraspinatus:
басталатын жері: fossa supraspinata;
бекитін жері: tuberculum majus humeri (жоғарғы аймағы);
қызметі: иықты әкету.
Қылқанасты бұлшықеті, m. infraspinatus:
басталатын жері: fossa infraspinata;
бекитін жері: tuberculum majus humeri (ортаңғы аймағы);
қызметі: иықты сыртқа айналдыру.
Кіші дөңгелек бұлшықет, m. teres major:
басталатын жері: fossa infraspinata (m.infraspinatus астында);
бекитін жері: tuberculum majus humeri (төменгі аймағы);
қызметі: иықты сыртқа айналдыру.
Үлкен дөңгелек бұлшықет, m. teres major:
басталатын жері: facies dorsalis scapulae (төменгі бұрышында);
бекитін жері: crista tuberculi minoris humeri;
қызметі: иықты әкелу және ішке айналдыру.
Жауырынның қабырғалық бетінде орналасқан бұлшықеттер. Жауырынасты бұлшықеті, m. subscapularis;
басталатын жері: fossa subscapularis;
бекитін жері: tuberculum minus humeri;
қызметі: иықты әкелу және ішке айналдыру.
Иық бұлшықеттері
Иық бұлшықеттерінің топографиясы бойынша жіктелуі:
алдыңғы топ: mm. biceps brachii, coracobrachialis, brachialis;
артқы топ: mm. triceps brachii, m. anconeus.
Барлық иық бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) – нервтенуі plexus brachialis тармақтары арқылы жүзеге асады.
I. Иық бұлшықеттерінің алдыңғы тобы
Иықтың екі басты бұлшықеті, m. biceps brachii:
басталатын жері: caput longum- tuberculum supraglenoidale scapulae; caput breve- processus coracoideus scapulae;
бекитін жері: tuberositas radii;
қызметі: иық пен білекті бүгу; білекті сыртқа айналдыру (шартты супинатор – Пирогов апоневрозы есебінен).
Құстұмсық-иық бұлшықеті, m. coracobrachialis:
басталатын жері: processus coracoideus scapulae;
бекитін жері: humerus (ортаңғы үштен біріне);
қызметі: иықты бүгу;
Иық бұлшықеті, m. brachialis:
басталатын жері: humerus (төменгі және ортаңғы үштен бірі);
бекитін жері: tuberositas ulnae;
қызметі: шынтақ буынында бүгу.
Иық бұлшықеттерінің артқы тобы Иықтың үш басты бұлшықеті, m.triceps brachii:
басталатын жері: caput longum – tuberculum infraglenoidale scapulae; caput laterale – humerus-тің артқы-латералді беті: caput mediale - humerus-тің артқы беті;
бекитін жері: olecranon:
қызметі: шынтақ буынын жазу, ұзын басы – иық буынын жазу және тұлғаға әкелу.
Шынтақ бұлшықеті, m.anconeus:
басталатын жері: epicondylus lateralis humeri;
бекитін жері: olecranon:
қызметі: шынтақ буынын жазу.
Білек бұлшықеттері
Білек бұлшықеттерінің топографиясы бойынша жіктелуі:
Алдыңғы топ:
– беткей қабаты: mm brachioradialis, pronator teres, flexor carpi radialis, palmaris longus, flexor digitorum superficialis, flexor carpi ulnaris;
– терең қабаты: mm. flexor pollicis longus, flexor digitorum profundus, pronator quadratus;
Артқы топ:
1- беткей қабаты: mm. extensorіs carpi radialіs longus et brevis,extensor digitorum, extensor digiti minimi, extensor carpi ulnaris;
2 – терең қабаты: mm. supinator, abductor pollicis longus, extensor pollicis brevis, extensor pollicis longus, extensor indicis.
Барлық білек бұлшықеттері – шығу тегі тұлғалық (вентралдық) – нервтенуі plexus brachialis тармақтары арқылы жүзеге асады.
Білек бұлшықеттерінің алдыңғы тобы
Беткей қабаты
Иық-кәрі жілік бұлшықеті, m. brachioradialis:
басталатын жері: crista supracondylaris lateralis humeri;
бекитін жері: radius (processus styloideus үстіне);
қызметі: шынтақ буынын бүгу; қол басын супинация мен пронация арасындағы орташа жағдайда ұстап тұру.
Дөңгелек пронатор, m. pronator teres:
басталатын жері: типтік және processus coronoideus ulnae;
бекитін жері: radius (ортаңғы үштен бірі);
қызметі: шынтақ буынын бүгу; білек пронациясы
Білезіктің кәрі жіліктік бүккіші, m.flexor carpi radialis:
басталатын жері: типтік;
бекитін жері: basis os metacarpale II;
қызметі: қол ұшін бүгу; қол ұшін әкету ( mm.extensorіs carpi radialіs longus et brevis- пен бірге).
Ұзын алақандық бұлшықет, m. palmaris longus:
басталатын жері: типтік;
бекитін жері: aponeurosis palmaris;
қызметі: қол ұщін бүгу; алақан апоневрозын керу.
Саусақтардың беткей бүккіші, m. flexor digitorum superficialis:
басталатын жері: типтік; lig. collaterale ulnare және radius-тің проксималді бөлігі;
бекитін жері: сіңірлерімен II-V саусақтардың ортаңғы бунақтарының бүйір беттеріне бекінеді;
қызметі: қол ұшін бүгу; II-V саусақтарды бүгу.
Білезіктің шынтақтық бүккіші, m. flexor carpi ulnaris:
басталатын жері: caput mediale – типтік; caput laterale - olecranon;
бекитін жері: os pisiforme;
қызметі: қол ұшін бүгу; қол ұшін әкелу (m.еxtensor carpi ulnaris-пен бірге).
Терең қабаты
Бас бармақтың ұзын бүккіші, m. flexor pollicis longus:
басталатын жері: radius et membrane interossea antebrachii;
бекитін жері: бас бармақтың тырнақтық бунағының негізі;
қызметі: қол ұшін және бас бармақты бүгу.
Шаршы пронатор, m. pronator quadratus:
басталатын жері:ulna (төменгі үштен бірі);
бекитін жері: radius (төменгі үштен бірі);
қызметі: білек пен қол ұшының пронациясы.
Білек бұлшықеттерінің артқы тобы
Беткей қабаты
Білезіктің ұзын кәрі жіліктік жазғышы, m. еxtensor carpi radialis longus:
басталатын жері: типтік;
бекитін жері: II алақан сүйегінің негізі;
қызметі: білекті жазу; қол ұшін әкету (m.flexor carpi radialis-пен бірге).
Білезіктің қысқа кәрі жіліктік жазғышы, m. extensor carpi radialis brevis:
басталатын жері: типтік; et lig. collaterale radiale;
бекитін жері: III алақан сүйегінің негізі;
қызметі: қол ұшін жазу; қол ұшін әкету (m. flexor carpi radialis-пен бірге).
Саусақтардың жазғышы, m. extensor digitorum:
басталатын жері: типтік;
бекитін жері: II-V саусақтардың ортаңғы және тырнақтық бунақтары;
қызметі: II-V саусақтарды жазу.
Шынашақтың жазғышы, m. extensor digiti minimi:
басталатын жері: типтік;
бекитін жері: шынашақтың ортаңғы және тырнақтық бунағының негізі;
қызметі: шынашақты жазады.
Білезіктің шынтақтық жазғышы, m. еxtensor carpi ulnaris:
басталатын жері: типтік;
бекитін жері: V алақан сүйегінің негізі;
қызметі: қол ұшін жазу; қол ұшін әкелу (m.flexor carpi ulnaris-пен бірге).
Терең қабаты Супинатор, m. supinator:
басталатын жері: epicondylus lateralis humeri, lig.collaterale radiale, lig. annulare radii et crista m. supinatorii;
бекитін жері: radius (жоғарғы үштен бірі):
қызметі: білек супинациясы.
Бас бармақты әкететін ұзын бұлшықет, m. abductor pollicis longus:
басталатын жері: radius, ulna (төменгі үштен бірі) et membrane interossea antebrachii:
бекитін жері: I алақан сүйектің негізі;
қызметі: қол ұшін және бас бармақты әкету.
Бас бармақтың қысқа жазғышы, m. extensor pollicis brevis:
басталатын жері: radius et membrane interossea antebrachii;
бекитін жері: бас бармақтың проксималді бунағы;
қызметі: бас бармақты жазу және әкету.
Достарыңызбен бөлісу: |